Қамқорлық кеңес жиналысы Хаттама № 3 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2022

Қамқорлық кеңес жиналысы Хаттама № 3

   ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің  
 «№ 35 орта мектеп» КММ
Қамқорлық кеңес  жиналысы 
Хаттама № 3
  Өткізілген күні: 26.11.2022
 Қатысқаны: 15 кеңес мүшелері, 11мектеп әкімшілігі
Күн тәртібінде:
  1. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру,үйірме, секцияларға білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларының қамтылуын қадағалау.
  2. Жаңа жыл мерекесін, қар қалашығын жасау жұмыстарын ұйымдастыру.
  3. Қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналармен жұмыс. 
Тыңдалды:
      Кеңес төрайымы Қасенова Б. Қ.  күн тәртібімен таныстырып өтіп, бірінші мәселе бойынша мектепте оқушының жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалғанын айтып өтті. Және мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытта мектепте қосымша білім алуларына болатынын, мектепте сабақтан тыс  үйірмелер, спорттық секциялар, «Дебат» клубы бар деді. «Өнер» мектебінің «Домбыра» және «Көркем сөз» үйірмелері де аптасына 4 реттен жұмыс жасайтынын айтты. Мектептің 788  оқушысы қаладағы  қосымша білім беру ұйымдарының секциялары мен үйірмелеріне қатысатынын хабарлады. Әсіресе, үйірме , секцияларға  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларының қамтылуы ерекше назарда екеніне тоқталды.
    Келесі кезекте қар қалашығын жасау жұмыстары бойынша айта кетіп, әр сынып паралельдерінің әкелері бір қар мүсінін жасасын деген ұсыныс бар екеніне   тоқталды. Ұсынысты кеңес мүшелері де қолдады. Бұл ұсыныс сыныптың ата-аналар жиналысында барлық ата-аналарға жеткізілетіні айтылды. 
Сонымен қатар, мектеп бойынша жаңа жыл мерекелерінің кестесі жасалғанын, оқушылар ұйымы мен ұстаздар мерекені ұйымдасқан түрде өткізетінін айтып, ата-аналар тарапынан кезекшілікке көмек қажеттігін айтты. 
  Үшінші мәселе бойынша, тәрбие ісі  меңгерушісі   Айнұр Тұрысбековна сөз алып, қыс кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау шараларына тоқталды. Жол,су, өрт, өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Аталған ережелер ата-аналар чаттарына жаднама ретінде таратылатынын ескертіп, кеңес мүшелеріне де қадағалауды тапсырды. Кеңес отырысы соңында төмендегідей шешім қабылданды. 
Шешім:
 1. Үйірме мен секция жұмыстарынының тиімділігін арттыруға жағдай жасау. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларының қамтылуын қадағалау.
2. Жаңа жыл мерекесін, қар қалашығын жасау жұмыстарын ұйымдастыруға көмектесу.
3. Қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналармен жұмыс жасау.
Мектеп директоры: Қасенова Б.Қ.
Хатшы:  Кегалина Г.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив