№4 «Қамқорлық» кеңесінің хаттамасы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
май
2020

№4 «Қамқорлық» кеңесінің хаттамасы

Өскемен қаласы әкімдігінің «№35 орта мектеп» КММ

2019-2020 оқу жылы

«Қамқорлық»  кеңесінің   хаттамасы №4 

(ZOOM платформасы арқылы)

Күні: 28.05.2020

Қатысқандар: 31  адам  (кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті)

 Күн тәртібінде: 

1.2019-2020 оқу жылында "Қамқорлық" кеңесінің атқарған жұмыстары бойынша есеп                  

Кеңес төрайымы: Қасенова Б.Қ.

2.Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру    

Директордың әлеуметтік істер жөнінен орынбасары:

Кудрышева М.Т.         

3. 2019-2020 оқу жылының қорытынды есебі
 
 

Директордың оқу ісі жөнінен орынбасары:

 Мұхышбеков М.М .

Тыңдалды:

Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Кунанбаева А.Т. сөз алып,  жиналыстың күн тәртібімен таныстырып өтті, сөз кезегін Қамқорлық кеңесінің төрайымы   Б.Қ. Қасеноваға берді. Төрайым   өткен оқу жылына қорытынды жасап,   атқарылған жұмыстарға тоқталды.  Мектеп бойынша, тамыз,қыркүйек  айларында «Қамқорлық» және «Жүректен- жүрекке» акциясы негізінде 7 балаға кеңсе тауарлары салынған сөмкелер сыйланғанын,( Демеушісі- жеке кәсіпкер Жексенбай Қызыр, Нахимова Жанна)15 балаға мектеп ұжымы оқуға қажетті кеңсе тауарларын бергенін, 4 оқушыға мектеп формасы сыйға тартылғанын,( Демеушісі- жеке кәсіпкерлер   Игенова Ақмарал,Қасенова Балиса, Ескендирова Айман) 8 көп балалы отбасы баласына «Қызыл крест»  қоғамы оқуға қажетті құрал-жабдықтармен және киім-кешекпен қамтамасыз еткенін. Қорыта айтқанда, жыл көлемінде  34 балаға демеушілер тарапынан  көмек  көрсетілгенін хабарлады. Және  «Жалпыға бірдей білім беру » қорынан жыл көлемінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының 190 баласы  мектеп асханасынан тегін тамақпен қамтамасыз етіліп, 4 оқушыға киім-кешек әперілгенін хабарлады. Қамқорлық кеңесі тарапынан үйлеріне жасалған рейдтер туралы айтты.     

Екінші мәселе бойынша директордың әлеуметтік істер жөнінен орынбасары Кудрышева М.Т.  сөз алып,  оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру    жайлы айтып өтті. Оқушылардың жазғы демалысы пандемия кезіндегі  карантин жағдайында өтіп жатқандықтан, ең бірінші кезекте  оқушы денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, аурудан сақтану ережелін қатаң ұстану қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, әр сыныптың жетекшілері мен мектеп тәлімгері, педагог –ұйымдастырушы, психологтар  жазғы демалыстағы  онлайн шаралардың жоспарын жасағандарын, оқушылар сол шараларға онлайн түрде қатысып, бос уақыттарын тиімді өткізулеріне болатындарын айтты.

Үшінші мәселе бойынша  директордың оқу ісі жөнінен орынбасары Мұхышбеков М.М. алып, 2019-2020 оқу жылының қорытынды есебімен таныстырды. 

-Биылғы оқу жылын еліміздегі төтенше жағдайға байланысты онлайн форматында   1408 оқушы аяқтады, 433 оқушы-үздік, 581 оқушы-екпінді болды. Оқу сапасы-72%, үлгерім-100% ,-деді. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында мектебіміз 54 түлек ұшырғанын, оның 6-ы «Алтын белгі», 4-і «Үздік аттестатқа » аяқтап, мектеп мәртебесін асырғанын айтты. Бұл жетістіктер ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастық деді. 

Жиналыс соңында төмендегідей шешім қабылданды.

Шешім:

  1. 2019-2020 оқу жылында "Қамқорлық" кеңесінің атқарған жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын.
  2. Оқушылардың жазғы демалысында қауіпсіздік шаралары қатаң сақталсын. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив