№5 «Қамқорлық» кеңесінің хаттамасы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
август
2020

№5 «Қамқорлық» кеңесінің хаттамасы

Өскемен қаласы әкімдігінің «№35 орта мектеп» КММ

2019-2020 оқу жылы

«Қамқорлық»  кеңесінің   хаттамасы №5

(ZOOM платформасы арқылы)

Күні: 24.08.2020

Қатысқандар: 31  адам  (кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті)

 Күн тәртібінде: 

1.Мектептегі жазғы жөндеу жұмыстары  және жалпы мектеп бюджеті бойынша мағлұмат

Таймова А.М.( мектеп директоры)

2. 10 –сынып оқушыларының бағдарлы сыныптарға көшуіне байланысты жұмыс жоспарын құру мақсатындағы бейіндік пәндерді таңдау туралы

Мұқышбеков М.М. (директордың оқу ісі жөнінен орынбасары)

3.2020-2021 оқу жылына арналған Қамқорлық  кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту

Қасенова Б.Қ. (кеңес төрайымы)


Тыңдалды:

    Алғашқы сөз кезегін  Қамқорлық   кеңесінің төрайымы Қасенова Б.Қ. алып, жиналыстың күн тәртібімен таныстырды. Бірінші мәселе бойынша  сөзді  мектеп директоры А.М. Таймоваға берді. 

Анна Мухамедановна  мектеп сайтында орналастырылған  «Мектеп бюджеті туралы меғлұмат» бойынша  қысқаша шолу жасады. Бюджеттік есеп бойынша педагог кадрлар мен кіші қызметкерлердің жалақысы, коммуналдық шығын, интернетке бөлінген қаржы, жалпыға бірдей білім беру бойынша бөлінген қаржы, жыл көлемінде алынған инвентарьлар, шаруашылық заттары тағы да басқа алынған заттар туралы айта кетіп, жазғы жөндеу жұыстарына бөлінген қаражатқа нақты тоқталды. Әр бағыт бойынша жеке-жеке есеп берді. Жөндеу жұмыс нәтижесін қабылдау және жұмыс жүргізу кезінде әрдайым көмекке келіп, өз міндеттерін мүлтіксіз орындаған Қамқорлық кеңес мүшелеріне алғыс айтты. 

Келесі мәселе бойынша директордың оқу ісі жөнінен орынбасары Мұхышбеков М.М. алып, 10 –сынып оқушыларының бағдарлы сыныптарға көшуіне байланысты жұмыс жоспарын құру мақсатындағы бейіндік пәндерді таңдау туралы айтып өтті. Оқушының   сапалы  білім мен саналы тәрбие алуына әсер етуші негізгі факторлардың бірі- оқушылардың мамандық таңдаудағы ең алғашқы баспалдақ-таңдау пәндері екенін,биылғы жылы  тереңдетілген деңгейдің таңдауы бойынша 10 «А» сыныбы  физика және химия, 10 «Б» сыныбы физика және география пәндерін,10 «В» сыныбы физика және биология пәндерін таңдағанына тоқталды.

-Сөзімді қорытындылай келе, құрметті ата-аналар, сіз бен біз тәрбиелеп отырған оқушылар- мемлекетіміздің келешегі, сондықтан оларға   жан-жақты білім беріп, жылы да таза, заманауи мектепте оқыту, өмірге бейімдеу біздің басты мақсатымыз! Осы мақсатқа жету   үшін мектеп ұжымы аянбай қызмет етеді-деді.

Үшінші мәселе бойынша Қамқорлық   кеңесінің төрайымы Қасенова Б.Қ сөз сөйледі. Жиналысқа қатысушыларды 2020-2021 оқу жылына арналған Қамқорлық   кеңесінің жұмыс жоспарымен таныстырды. Сұрақтарға жауап берді.



Шешім:

  1. 2020-2021 оқу жылына арналған Қамқорлық  кеңесінің жұмыс жоспарын бекітілсін.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив