4-14 қазан аралығында өткен «Қыз болашағы – ел болашағы» атты онкүндік » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2019

4-14 қазан аралығында өткен «Қыз болашағы – ел болашағы» атты онкүндік

Мектебімізде 4-14 қазан аралығында  «Қыз болашағы – ел болашағы» атты онкүндік өткізілді. Онкүндік барысында қыздармен жан-жақты жұмыстар атқарылды. Өткізілген іс-шаралар қыздардың құқықтарын жан-жақты насихаттап, құқық бұзушылыққа жол бермеуге, өзара қарым-қатынас, репродуктивтік денсаулық, жыныстық гигиена, жасөспірім шақтағы жүктілік мәселелерін қамтыды. 
      Атап айтсақ, 4 қазан күні өзін-өзі тану мұғалімі Жомартова З.Н  9-11 сыныптың қыздарымен «Қыз болашағы – ел болашағы»  атты дөңгелек үстел өткізіп, қыз денсаулығы, гигиенасы,ұлдармен достық ,  ерте жүктілік туралы  ситуацияларды бейнероликтерден қарап, жан-жақты талқылады, пікір талас тырды. 7 қазан күні директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Құнанбаева А.Т. мектеп психологтарымен, ата-аналар комитеті мүшелерімен бірлесіп, 6-11 сынып қыздарына «Оқушы қыз бейнесі» атты қыздар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында мектеп ішіндегі тәртіп, оқушы қыздың сырт бейнесіне қойылатын талаптар, шаш қою мәселері сөз болып, қарастырылды.  9 қазан күні  5-11 сыныптар қыздарымен мектеп медбикесі Қазымбаева К.Т.  «Дені саудың-жаны сау»   атты әңгіме жүргізді. Қыздар гигиенасымен тағы бір таныстырып өтті. 
   11 қазан күні мектеп инспекторы Қазбеков А. Б 5-11 сыныптар қыздарына «Өз құқығыңды білесің бе?»  атты дәріс оқып, қыздардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, онкүндік барысында 1-11 сыныптар аралығында «Қыз-қызғалдақ» атты  тәрбие сағаттары өткізіліп, қыздардың, аналардың қоғамдағы, адам өміріндегі орны сөз болды.  12 қазан күні мектеп директорының әлеуметтік істер жөнінен орынбасары  Кудырышева М.Т. 1-4 және 5-11 сыныптың қыздарына «Зорлық-зомбылықтың алдын алайық» атты  дәріс оқып, зорлық түрлерімен және онымен күресу жолдарын атап өтті. Дәріске сынып жетекшілер, әр сыныптың ата-аналар комитет мүшелері қатысты. 


Өткізілген іс-шарадан көріністер




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив