05
октябрь
2019
1 қазан- қарттар күні туралы
1 қазан – қарт адамдардың мерекесі мектебімізде түрлі іс-шаралар арқылы аталып өтілді. Атап айтсақ, 1-11 сыныптар арасында «Үлкенді сыйлау-парыз іс» атты тәрбие сағаттары өткізілді. (1422 оқушы , 23 ата-әже қатысты) 4-сыныптар сынып жетекшілерімен бірлесіп, мөлтек ауданда тұратын қарттарға және өздерінің ата-әжелеріне арнап, «Атам, әжем- асыл қазынам» атты мерекелік концерт қойып, ата-әжелердің ақ батасын алды.
Мектеп директоры Таймова Анна Мухамедановна ұжым мүшелерімен салтанатты жиын өткізіп, зейнеткер ұстаздар мен кіші қызметкерлерді мерекесімен құттықтап, кәсіподақ атынан шағын сыйлықтар табыстады.
Мектебіміздің «Жас Ұлан» оқушылар ұйымы , әр сынып мөлтек аудан бойынша өздеріне бекітілген қарт адамдардың үйіне қатынап, мерекемен құттықтап, әндері мен жырларын арнап, шағын концерттер қойып қайтты.
Іс –шаралар көріністері