«Сәт сапар, жас түлек!» атты аттестат тапсыру мерекесі » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
июнь
2019

«Сәт сапар, жас түлек!» атты аттестат тапсыру мерекесі

12 маусым күні мектебіміздің 11 сынып түлектері, ата-аналары, мектеп ұжымы  акт залында  «Сәт сапар, жас түлек!»  атты аттестат тапсыру  мерекесінөткізді. Мереке сағат 18.00-де басталды. Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Анна Мұхамедановна алып, 2018-2019  оқу жылының түлектерін мектепті бітіріп, жаңа өмірге  аяқ басқандарымен  құттықтап, болашақ өмірлеріне сәтті сапар тіледі.  Ең белсенді, үздік оқушыларға ерекше алғыс айтты. Келесі кезекте мектепті «Алтын белгімен» бітірген Мұратбек Жалғасқа, Қиноят Дина, Асықбаева Аяна, Айдарбеккызы Ақмарал, Зарыпханова Асемгүл, Жанарбек Даяна ,Маулканова Камила, Алтынбек Еркеназға аттестаттарын табыстап, төс белгілерін қадады.  «Үздік аттестатқа» аяқтаған  Ерланова Анель, Кенжегулова Амина, Қалжанова Томирис, Каликанова Нұрай, Қадылқұмарова Асем,Қайырбеков Ерасыл да марапатталып, аттестаттары табысталып, оларға арналып музыкалық сәлем жолданды.Әсем әннен соң, мектеп директорының оқу, тәрбие ісі жөнінен орынбасарлары Рамазанова Гүлденді Тоқтаубаевна, Мұқышбеков Мерей Мұхтарханович  қалған түлектердің аттестаттарын табыстады.
Зарыпханова Асемгүлді аттестат табыстау сәтінен

      Мерекенің келесі сәтінде сынып жетекшілер Есенбаева Шолпан Закарияновна, Касканова Баянды Магзумовна, Калиева Арайлым Суйындыковна сөз алып, түлектерді құттықтады. Ата-аналар атынан  Бақытов Аян Бақытович  түлектерге ақ тілегін айтып, мектеп ұжымына ризалық сезімін білдірді.
     Салтанатты жиынның екінші бөлімінде мектебіміздің 59 түлегі өз өнерлерін ортаға салып, әндерін,билерін орындап, ұстаздарына жүрек жарды өлең жолдары мен тілектерін арнап,  мектептерімен қоштасты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив