Мектептің қысқаша хронологиясы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
март
2017

Мектептің қысқаша хронологиясы

1962 - Өскемен қаласында орыс тілінде оқытылатын №35 орта мектептің ашылуы.
1963 – алғашқы түлектердің мектеп бітіріп, үлкен өмірге жолдама алуы.
1986 – қазақ тілін оқытуды бірінші сыныптан бастап енгізілу кезеңі.
1990 – эстетикалық факультеттің: өнер студиясы, ритмика, әдеби еңбек студиясы, қыздар мен ұлдар хоры студияларының ашылуы.
1993–мектептің педагогикалық ұжымының білімді демократияландыру, гуманизациялау, гуманитаризациялауға шешімді бетбұрыс жасау кезеңі.
1994 – экологиялық және этнографиялық ағарту, эстетикалық тәрбие беру, физикалық жетілдіруді қамтитын кешенді бағдарламаның құрылуы.
1994 – мектепте «НИКОС» ғылыми қоғамының құрылуы.
1994 – экология мәселесі бойынша республикалық конкурста бірінші орын.
1995 – экология бойынша облыстық, республикалық конкурстарда барлық жүлделі орындар.
1995–педагогикалық ұжыммен әзірленген «Қазақстан Республикасының заман талабына сай мектебін қалыптастыру жағдайында оқушыларға мәдени білім және азаматтық тәрбие беру» тақырыбында мектептің жаңашыл қызметінің кешенді бағдарламасын сынау,   тәрбие беру жүйесінің, тұлғаны қағидалы жаңаша ойлауға, білімге, ептілікке, дағдыға, жоғары адамгершілік, моральдық және рухани қасиетке тәрбиелеу бағыттарының заман талабына сай моделін құрастыру. 
1995 – «БҰҰ 50 жылдығына» орай өткізілген экология проблемалары бойынша конкурста екінші орын.
1996 – экология бойынша облыстық, республикалық конкурстарда барлық жүлделі орындар.
1996 – гуманитарлық-эстетикалық, экологиялық және әскери-патриоттық (кадет сыныптары) бағыттағы сыныптардың ашылуы.
1998 – гуманитарлық сыныптардың ашылуы.
1999 – мемлекеттік тілде оқытылатын 1 сыныптың ашылуы.
1999 – мектептің аттестациядан өтіп, қалалық білім басқармасының шешімімен Мемлекеттік мекеме «№35 орта мектеп» мәртебесін алуы 
1999 – мектеп базасында «Біз» балалар-жастар ұйымының құрылуы.
2000 –кадет корпусының құрылуы.
2001 – КЭС-тің «Мен-Қазақстан Республикасының азаматымын» азаматтық және «8-11 сыныптарда бастапқы әскери дайындық» әскери-патриоттық білім беру бойынша авторлық бағдарламаларды бекітуі.
2003 – кадет корпусына Шоқан Уәлиханов құрметті есімінің берілуі.
2004 – Қазақстанның және IFES  американдық ұйымның жас көшбасшылары қауымдастығының бірлескен жобасының желісі бойынша өткізілген алғашқы республикалық слетқа балалар ұйымдарының қатысуы.
2005 – кадет корпусының оқушысы Калашников Сергейдің алғашқы «Алтын белгіні» алуы.
2006 – Щученск қаласында өткен қоғамдық ұйымдардың үшінші республикалық слетына 7 «А» сыныбының оқушысы Уақова Раушанның қатысуы.
2007 – 11 Г-сыныбының оқушылары Гречаник Алексей мен Белоусова Ольганың «Алтын белгіні» алуы
2009 жыл- мектептің мемлекеттік тілде оқытылатын мектепке ауыстырылуы.
2013 жыл- 11 А сынып оқушысы Құмарова Керім «Алтын белгіге» ие болды.
2014 жыл-11- сынып оқушысы  Қимадиев Дархан «Алтын белгі иегері» және Нурсолтанова Анеля «Үздік аттестат иегері» атанды.
2015 жыл- Қалалық «Үздік білім ұйымы-2015» рейтингісі-3-орын, 11- сынып оқушылары Нұртаза Әкежан «Алтын белгі», Ахметжанова Диана «Үздік аттестат» иегерлері атанды.  11- сынып оқушысы Айкенева Айдана физика пәнінен Халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды.   (Ғылыми жетекшісі-физика пәні мұғалімі Т.А.Аргынканов)
2016 жыл - Қалалық «Үздік білім ұйымы-2016» рейтингісі-3-орын, ҰБТ нәтижесі бойынша қала мектептерінің үздік ондығына кіруі, 11-сынып оқушысы Жағалбаева Зейнеп «Үздік аттестат» иегері, 9-сынып оқушысы Ильясова Ажар Қазақстан тарихы пәнінен республикалық пәндік олимпида жеңімпазы атанды. (Пән мұғалімі- мектеп директоры, тарих және қоғамтану пәндері мұғалімі А.М.Таймова).
2017 жыл- 10 сынып оқушысы Ильясова Ажар физика пәнінен Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен «Жас ғалым» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жүлдегері; 10 сынып оқушылары Ильясова Ажар және Жунусова Айгерім физика пәнінен  Республикалық ғылыми-практикалық конференция жеңімпаздары. Ғылыми жетекші- физика пәнінің мұғалімі, жас маман Аргынканов Тимур Арипжанович. 9 сынып оқушысы Зарыпханова Әсемгүл  «Өзін өзі тану» пәнінен Республикалық пәндік олимпиаданың 2-жүлдегері. Ғылыми жетекшісі-Жомартова Загипа Нуржакипқызы. 11 сынып оқушысы Жанатқызы Алина математика Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының  халықаралық конкурсына қатысушы. Ғылыми жетекшісі-Исмаилова Алма Бляловна. 11-сынып оқушысы Молдахметова Алия- көркем гимнастикадан халықаралық спорт шебері, Азия чемпионатының жүлдегері, бірнеше халықаралық, республикалық, облыстық сайыстардың жеңімпазы мен жүлдегері.
         Аталған оқу жылында 7 мектеп түлегі «Алтын белгі» иегері атанды: Әліпханова Ж.,Құмарова Д., Толқынбекова А., Қаршығаева К., Жанаева А., Дуйсенбенова С., Рапихова Д. 3 мектеп түлегі «Үздік аттестатқа» ие болды: Жанатқызы А., Даулеткаирова Н.,Жакашбаева А. Негізгі орта мектепті 15 оқушы  «Үздік аттестатқа» аяқтады.
        2018 жыл.  
  • 11-сыныптар бойынша мектепті        «Алтын белгіге» 8 оқушы, 4 оқушы- «Үздік аттеттатқа»  бітірді.        «Алтын белгі» иегерлері: Ильясова А., ЖунусоваА.,, Жанатова Г., Жакыпбекова Қ.,Тлегенова Е., Даулетханова Е., Жарылгапова А.,Нұрланқызы Т.,  «Үздік аттестатқа» ие болғандар-Әділгазина Ә.,Қайратұлы Д.,Мелисханова Н.,Слямов Д.
  • 9-сыныптар бойынша мектепті 13 оқушы «Үздік аттестатқа» аяқтады.
  • 2017-2018 оқу жылында алғаш рет 1- Кадет сыныбы ашылды. Мұғалімі-Айкенев К.К.
2019 жыл.
  • 2018-2019 оқу жылын оқу жылының қорытындысы бойынша орта мектепті 59 білім алушы, 8 түлек «Алтын белгімен», 6 түлек  «Үздік аттестатқа» аяқтады.
  • Негізгі орта мектепті (9-сынып) 96 оқушы аяқтап, 20 оқушы «Үздік аттестатқа» бітірді.