Қамқорлық кеңес жиналысы Хаттама № 4 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
январь
2023

Қамқорлық кеңес жиналысы Хаттама № 4

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
 «№ 35 орта мектеп» КММ
Хаттама №4       
Күні: 13.01.2023 жыл
Қатысқаны: 11 кеңес мүшелері, 11мектеп әкімшілігі
Күн тәртібінде:
  1. Қазақстан Республикасындағы адамгершілiк және жыныстық тәрбие жөнiндегі тұжырымдамамен, зорлық –зомбылық, жыныстық тиіспеушіліктің алдын –алу 
  2. Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарына ат салысу, «Ата-анамның жұмысындағы бір күн» жобасын іске асыру
 Тыңдалды:
Алғашқы сөз кезегін кеңес төрайымы Балиса Қасенқызы алып , кеңес мүшелерін Қазақстан Республикасындағы адамгершілiк және жыныстық тәрбие жөнiндегі тұжырымдамамен, зорлық –зомбылық, жыныстық тиіспеушіліктің алдын –алу туралы заңымен таныстырып  өтті.
- Балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың адамгершілігiнiң берiк
негiзiн, өсiмтал және сексуалдық саулығын қалыптастыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкiметi 2002.07.19. N 808   қаулысымен адамгершілiк және жыныстық тәрбие жөнiндегі тұжырымдама қабылдаған болатын.  Қоғамның басым мiндеттерiнiң бiрi - балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың өмiрi мен оқуы үшiн салауатты да қауiпсiз жағдай жасау, санаткерлiк, рухани және дене күшiн дамытуды қамтамасыз ету, адамгершiлiктiң берiк негiзiн әрi салауатты өмiр салтын қалыптастыру болып табылады. 
       Қазiргi уақытта республикада балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың денсаулығына және адамгершiлiк мiнез-құлқына байланысты қолайсыз жағдай қалыптасты, олардың негiзгi себептерi мыналар: 
 жыныстық қарым-қатынас аясында адамгершiлiктiң аяққа басылуы; 
 денсаулықты сақтау мен нығайту жөнiндегi қажеттi бiлiмнiң болмауы;  үлкендердiң көмек көрсетуге қабiлетсiздiгi және әрбiр жасөспiрiмнің, жастың алдында туындаған сұрақтарға жауап бере алмауы; 
 жыныстық жолмен берiлетiн аурулар санының көбеюi; кәмелетке толмағандар жүктілiгiнiң өсуi, оның салдары-аборт немесе көбiнесе баладан безiну мен әлеуметтiк жетiмдiкке, әкелiп соқтыратын жастай ана болу; 
 кәмелетке толмағандардың жезөкшелiгiнiң өсуi. 
        Сол себепті  ең алдымен өскелең ұрпаққа адамгершiлiк-жыныстық тәрбие беру жөнiнде мектепте шұғыл шаралар қолдану олардың бойында жағымды-белсендi тұлғаны қалыптастыру, жасөспiрiмдерде болашақта берiк отбасылық қарым-қатынасқа бағытталған белсендi жеке ұстанымды орнықтыру, тәндiк және психикалық саулыққа ұмтылу қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жоспар негізінде іс шаралар өтуде,-деп тұжырымдамамен таныстырды. Келесі кезекте,  мектеп ұжымымен бірлесіп, зорлық –зомбылық, жыныстық тиіспеушіліктің алдын –алу бойынша атқарылатын шараларға тоқталып өтті. Тәрбие бөлімімен, психологтармен, сынып жетекшілермен  бірлесіп атқарылған жұмыстар туралы айтты.
    Екінші мәселе бойынша, кеңес мүшесі Бланова Шынар Қалиевна сөз алып, оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары туралы айтты. Сонымен қатар мектептің кәсіби бағдар беру бойынша педагог ұйымдастырушысы Жомартова З.Н. бірлесіп, қаладағы түрлі оқу орындарына саяхат жасалғанын айтты. Сонымен қатар, оқушылар арасында    «Ата-анамның жұмысындағы бір күн» жобасын іске асыруға ат салысуға шақырды. 
Шешім:
1.Отбасында зорлық –зомбылық, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу жұмыстары бірлесіп  жүргізілсін.
2. Оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету мақсатында ата-аналар жұмыстарына саяхат ұйымдастырылсын
Төрайым: Қасенова Б.Қ
Хатшы:  Кегалина Г.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив