«Қамқорлық» кеңесінің хаттамасы №1 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2022

«Қамқорлық» кеңесінің хаттамасы №1

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің  
« № 35 орта мектеп» КММ
2022-2023 оқу жылы
«Қамқорлық»   кеңесінің  хаттамасы №1
Күні: 16.09.2022
Қатысқандар: 80  адам  
(кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті)
 Күн тәртібінде: 
1. Қамқорлық кеңесінің құрамын таныстыру
Кеңес төрайымы: Қасенова Б.Қ.
2.  Қамқорлық кеңесінің жаңа 2022-2023 оқу жылының жұмыс жоспарын талқылау,бекіту.
Кеңес төрайымы: Қасенова Б.Қ.
3. «Мектепке жол» акциясына қатысу
Кеңес мүшесі: Ескендирова А.А
4. Мектеп асханасы туралы және тегін тамаққа қойылған оқушылар жайлы
Кеңес мүшесі: Ескендирова А.А
Тыңдалды:
 Алғашқы сөз кезегін кеңес төрайымы Балиса Қасенқызы алып, былай деді:
 -Өткен 2021-2022 оқу жылы Қамқорлық кеңесі кеңес ережелеріне сай жұмыс жасап шықты.     ҚР білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Қамқорлық кеңесінің жұмысын және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібін ұйымдастыру бойынша Үлгілік қағидадалының 2 тарауының 5 және 6 тармақтары негізінде   мектепішілік тәуелсіз комиссияның  шешімімен, Қамқорлық кеңес құрамы болып, төмендегі ата-аналар бекітілді. Олар:
1.Каримова Шынар Ерлановна (2 «Ж» сынып ата-анасы)
2. Мұхышева Мақпал Мұхтарханқызы (3 «А» сынып ата-анасы)
3. Қыдырмолдина Венера Қасымбекқызы (4 «К» сынып ата-анасы)
4. Абишева Құндыз Бектемировна (5 «Д» сынып ата-анасы)
5. Алканова Айжан Ахметкалиевна (6 «Д» сынып ата-анасы)
6. Ескендирова Айман Ануарбековна (7 «Б» сынып ата-анасы)
7. Қасенова Балиса Қасенқызы (8 «Б» сынып ата-анасы)
8.Бланова Шынар Калиевна (9 «Б» сынып ата-анасы)
9. Еңсебаева Ақбота Садыровна (10 «В» сынып ата-анасы)
10. Букатаев Қайнар Көкенайұлы (11 «А» сынып ата-анасы)
11. Чыттыбаева Маржан Қабдешқызы (11 «Б» сынып ата-анасы)
 12.Мухамадиева Айнаш Қаблановна (Жергілікті өкілдік. «Спортты дамыту орталығы» КММ №4 филиалының директоры)
13.Тайболанова Роза Советхановна (Әлеуметтік серіктес, жеке кәсіпкер, мектеп асханасын жалдаушы)
14. Тусупова Гульнар Жамбыловна (Құқық қорғау органынан!
15. Айкенева Динара Токтаугажиевна (атқарушы органнан),- деді.
 Сонымен, 2022-2023 жаңа оқу жылында Қамқорлық кеңесінің құрамы таныстырылған соң, келесі кезекте кеңес төрайымы Балиса Қасенқызы жаңа оқу жылына жасалған Қамқорлық кеңесінің  жұмыс жоспарын таныстырып, талқылады. 
     Келесі сөз кезегін кеңес мүшесі Айман Ануарбековна алып, жиналысқа қатысушыларды тамыз, қыркүйек айларында өтіп жатқан  «Мектепке жол»  акциясы туралы айтып өтті. «Мектепке жол» акциясы негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларына демеушілер тартылып көмек көрсетілді. Демеушілер Аргынканов Т. Аргынканова Ш. Бақтыбаева С. Мамиева А. Көрпебаева М.Жомартова З. Қызыр Ж. 10 балаға сөмке, қажетті оқу құралдарын, киім, аяқ киім сатып әперді.Сонымен қатар, мешіттен 10 балаға, Ішкі істер бөлімінен 3 балаға, жергілікті басқару органынан 15 балаға  көмек көрсетілді,-дей келе,  мектептің асханасының жұмысымен таныстырды. Ас мәзірін, тамақтардың бағаларын айтты.    Апта сайын Қамқорлық кеңес мүшелері асхана мен бракираждық комиссияның жұмысын қадағалап отыратынын айтты. Асхана барлық санитарлық талаптарға сай жұмыс істеп тұрғанын, оқушылар мен ұстаздардың және ата-аналардың көңілінен шығатынын айтты. Сонымен қатар, мектеп бойынша жекелеген әлеуметтік топтардың 148 баласы мемлекет тарапынан тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отырғанын хабарлады. Құжаттары талапқа сай екенін айтты. Сонымен қатар, мектеп асханасының арендаторы Тайболанова Р.С. 11 оқушыны тегін тамақтандырып, қайырымдылық көмек көрсетуде деді. 1 оқушыны жеке кәсіпкер Иманбаев Е. өз қамқорлығына алып, тамақтандыруда. Алдағы уақытта да тегін тамаққа өтініш берген ата-аналардың өтініштері қаралып, тұрмыс жағдайлары тексеріліп, тегін тамаққа қойылатынын хабарлады.
 Жиналыс соңында төмендегідей шешім қабылданды.
 Шешім:
  1.  Жаңа оқу жылының  Қамқорлық кеңесінің жаңа құрамы бекітілсін.
  2.  Жаңа оқу жылына арналған жоспар  жыл көлемінде жүзеге асырылсын.
  3. Асхана жұмысы кеңес тарапынан қадағаланып отырсын.

Қамқорлық кеңесінің төрайымы: Б.Қ. Қасенова
Хатшы:Кегалина Г.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив