Қамқорлық кеңес жиналысы Хаттама № 2 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
октябрь
2022

Қамқорлық кеңес жиналысы Хаттама № 2

     ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің  
 «№ 35 орта мектеп» КММ
Қамқорлық кеңес  жиналысы 
Хаттама № 2
Өткізілген күні: 15.10.2022 ж
Қатысқаны: 15 кеңес мүшелері, 11мектеп әкімшілігі
Күн тәртібінде:
  1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларына мектеп формасы мен аяқ киімдермен қамтамасыз етуге көмектесу, әлеуметтік, демеушілік  көмек  ұйымдастыру
  2. Күзгі демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі туралы 
Тыңдалды: 
Алғашқы сөз кезегін директордың әлеуметтік істер жөнінен орынбасары Кудрышева М.Т. алып, жиналыстың күн тәртібімен, мақсат, міндеттерімен таныстырып өтті.    Келесі кезекте,  сөзді кеңес төрайымы Касенова Б.К. алды. Алғашқы мәселе бойынша былай деді:
- Біздің мектеп ұжымы    жан-жақты дамыған, саналы, білімді  жас ұрпақты тәрбиелеуге аянбай ат салысуда.  Бірақ, ата-ана қолдауынсыз бұл жетістіктерге жету мүмкін емес. Сондықтан ата-аналар әрдайым ұстаздарға  қолдау көрсете  білуіміз керек.Осыған орай, Қамқорлық кеңесінің мүшелері мектеп ісіне әрдайым араласып, сынып сағаттарына,  сыныптан тыс шараларға, құқықбұзушылықтың алдын алу кеңестеріне, ұлдар, қыздар жиналысына қатысып отырады- дей келе,мектебімізден білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларына әрдайым қамқорлық , қолдау көрсету кеңес міндеті екенін айтты.Осыған орай, қыркүйек, қазан айларында «Қамқорлық» акциясы негізінде 5 балаға кеңсе тауарлары  сыйланғанын,( Демеушісі- жеке кәсіпкер Жексенбай Қызыр) 10 балаға мектеп ұжымы оқуға қажетті кеңсе тауарларын бергенін, үйде оқитын мүгедек балаға телефон сыйға тартылғанын (Демеуші Амренова Б.Т.) Қорыта айтқанда,16 балаға көмек көрсетілгенін хабарлады.  
 Сонымен қатар, күз айларындағы қауіпсіздік техникасымен таныстырып өтіп, әр сыныптың ата-аналарына осы ережелер жадынама ретінде таратылытынын, әсіресе күзгі демалыс кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталу керек екенін ескертті.
- Сөзімді қорытындылай келе, құрметті ата-аналар, сіз бен біз тәрбиелеп отырған оқушылар- мемлекетіміздің келешегі, сондықтан оларға  жан-жақты білім беріп, өмірге бейімдеу біздің басты мақсатымыз! Осы мақсатқа жету   үшін  мектеп ұжымымен бірлесе жұмыс атқаруымыз керек деді.
 Келесі кезекте мектептің түрлі ағымдағы мәселелері сөз болды. 
Шешім:
1.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларына әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыру.
2. Мұғалім-оқушы-ата-ана ынтымақтастығын нығайту арқылы    оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру 
3. Күзгі демалыс кезіндегі оқушы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысу.
Жиналыс төрайымы:Қасенова Б.Қ.
Хатшы: Кегалина Г.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив