Мектеп түлектерінің соңғы 3 жылға оқу орындарына түсулеріне байланысты нәтижелілік көрсеткіші » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
июнь
2019

Мектеп түлектерінің соңғы 3 жылға оқу орындарына түсулеріне байланысты нәтижелілік көрсеткіші


Оқу жылы

Түлектер саны

ЖОО грант иегерлері

Орта арнаулы оқу орындарына грант иегерлері

Ақылы оқуға түсу

1

2016-2017

45

23

8

14

2

2017-2018

71

51

3

17

3

2018-2019

59

43

2

13


Мектебімізде кәсіби бағдар беру жұмысы жақсы жолға қойылған. Мектебімізде жыл басында кәсіби бағдар беру жоспары жасалынып, жыл көлемінде жоспарға сәйкес  жұмыстар жүргізіледі. Қаладағы оқу орындарымен бірлескен жоспарлар жасалынып, бекітіледі. Сонымен қатар,  жыл көлемінде оқушылармен төмендегі жұмыстар жүйелі жүргізіледі:

  1. Кәсіби ағартушылық - әр түрлі мамандықтар туралы мәлімдемелер мен хабардар ету, олардың психологиялық тұрғыдан сипаттамасын, мамандық тарапынан  адамға қойылатын талаптар туралы түсінік беру.
  2. Кәсіби насихат - қоғамға аса қажетті мамандықтарға деген оқушының жағымды мотивациясын қалыптастыру.
  3. Кәсіби диагностика – оқушының жеке ерекшеліктерін, кәсіби маңызды қасиеттерін анықтау, кәсіби жарамдылығына сай бағдар беру, кәсіби сұрыптау, оқу мен тәрбиенің тиімділігін артыру мақсатында тұлғаны психологиялық жағынан зерттеу іс-шаралары.
  4. Кәсіби кеңес - өз қалауындағы іс-әрекет түрі мен мамандығына қатысты жоспарын құрудағы, нақты іс-әрекетке қатысты өзінің қасиеттері мен қабілеттерін бағалаудағы әрекеттері.
  5. Кәсіби түзету – оқушылардың кәсіби бағыттылығы туралы білімдері анық байқалмаса, (кәсіби қызығушылығы болмай немесе өз таңдауына сенімсіз болып көрінсе) сынып жетекшісін, пән мұғалімдерін, ата-аналарын қатыстыра отырып, кәсіпті таңдауға деген қызығушылықтың болмау  себептерін анықтап, түзету жұмыстарын жүргізудің жоспарын құру, нақты іс-әрекетке көшу.
  6. 9-11 сынып оқушыларының болашақта тұлғалық дамуына жол ашу, болашақ білім алу бейімі мен мамандығын таңдауда оқушылардың өз мүмкіндіктерін анықтауына көмек көрсету.
  7. Жеткіншектер үшін өзекті  ақпараттар көздерін қалыптастыру. Жеткіншектерді өзін тану, жоспарлау және мақсатқа жету жолындағы дағдылар мен біліктілік құралдарымен қамтамасыз ету.

 Оқушылардың кәсіби ой – ниетін анықтау, оқушылардың мамандық туралы хабардарлығы, табандылықты зерттеу, кәсіби тұлғалық типті бағалау оқушылардың кәсіби қызығушылығы мен бейімділігі, кәсіптік ынталандыруын зерттеу бағыттары бойынша   әр буынмен сынып жетекшілер және мектеп психологы жұмыс жасайды. Осы тұрғыдан алғанда мектеп оқушыларының  100 %-ы қамтылған.  Жыл басынан бері 1-4 сыныптарда «Мамандық деген не?» тақырыбына,     5-9 сыныптарда «Мамандықтың бәрі жақсы, таңдау өзіңде...» ,  «Менің ата-анамның мамндығы», «Мамандық таңдау маңызды іс» атты, 10-11 сыныптарда «Жүз жол- бірі сенікі», «Менің мамандығым» тақырыбына тәрбие сағаттары өтті. Әр сыныппен мектеп психологы жеке зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе, 11-сынып оқушылары жан-жақты зерттеледі. 

     Қазіргі таңда ең сұранысқа ие сала дәрігерлік және әскери  болғандықтан 11-сыныптың 36%-ы дәрігер мамандығын және  31% әскери яғни, онын ішінде полиция, қаржы  полициясы, әскери қызметкер салаларын таңдаған. Қалған 25%-ы психолог мамандығын және 8%-ы металлургия саласын таңдағаны анықталды.

    Жыл көлемінде 9-11 сыныптар «Каравай»  нан заводына саяхатқа барды. Шығыс Қазақстан техникалық университетіне, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетіне, «Өскемен қалалық кәсіби дайындау және сервис колледжіне», Қазақстан-Америка еркін университетіне ашық есік күндеріне  барды. ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы академиясынан, Экономика және финанс колледжінен, ШҚМТУ, ШҚМУ-дан  оқытушылар келіп, балалар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Мұғалімдер сыныптарда жоспар бойынша білім беру процесінде жаңа технологияларды енгізе отыра білім беру,ақпаратты жинақтау мен талдаудың тәжірибелік дағдыларын, жеке   талдау мен оқушылардың өзін-өзі ұйымдастыратын,оқытудың әдістері мен технологияларын пайдаланып , жоспар бойынша психологпен бірлесе отырып,жұмыстар жүргізеді.Бағдарлы пәндер бойынша қолданбалы курстар,таңдау курстарын өздері  құрастырып, бекітілген жоспар бойынша сабақтар жүргізеді. Оқушылардың таңдауы мен ата-аналар сұранысы бойынша комплектіленген бағдарлы,бағдаралды сыныптарда оқу үрдісі мемлекеттік бағдарлама мазмұнын мектептің өзінің стандарты бойынша кеңейту арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарлы және бағдаралды сыныптарда жоспар бойынша білім беру процесінде жаңа технологияларды еңгізе отыра білім беру,ақпаратты жинақтау мен талдаудың тәжірибелік дағдыларын,жеке  талдау мен оқушылардың өзін-өзі ұйымдастыратын,оқытудың әдістерімен ткхнологияларын пайдаланып ,жоспар бойынша психологпен бірлесе отырып,жұмыстар жүргізілді.Бағдарлы пәндер бойынша қолданбалы курстар,таңдау курстары өздері  құрастырып,бекітілген жоспар бойынша сабақтар жүргізілді. Оқушылардың таңдауы мен ата-аналар сұранысы бойынша комплектіленген бағдарлы,бағдаралды сыныптарда оқу үрдісі мемлекеттік бағдарлама мазмұнын мектептің өзінің стандарты бойынша кеңейту арқылы жүзеге асырылуда. Психологпен бірлесе отырып,жұмыстар жүргізілді,тренингтер өткізіліп қорытындысы шығарылып отырылды.

Міндеттер:

-Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру;

-Мамандық таңдауға бағыт беру;

-Сапа көрсеткішін арттыру;

-Портфолио жұмыстарын жинақтап, жетілдіру;

    - Оқушылардың бағдаралды дайындығы;

    - Проблемалық бағытталған талдау;

    - Мемлекеттік бағдарлама мазмұнының кеңейтілуі;

    - Бағдарлы оқытудың құрылымы.

Ұсыныстар: 

-Бағдарлы және бағдаралды сыныптар бойынша оқушылардың саналы кәсіби таңдау жасауларына ықпал ету;

-Кәсіби бағдарлау бойынша таңдау курстарын ұйымдастыру;

-Психологиялық-педагогикалық көмек беру.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив