Педагогтардың соңғы 4 жылда кәсіби сайыстарға қатысу және нәтижелілік көрсеткіші » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
июнь
2019

Педагогтардың соңғы 4 жылда кәсіби сайыстарға қатысу және нәтижелілік көрсеткіші

Оқу жылы

Халықаралық

Республикалық

Облыстық

Қалалық

Барлығы

2015-2016

0

3

25

31

59

2016-2017

0

4

21

29

54

2017-2018

0

3

12

22

37

2018-2019

2

5

19

31

55

Бүгінгі күнде мектеп жұмысында мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің бір белгісі-кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында кәсіби сайыстар мен конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болу болып табылады. Мектептегі әдістемелік жұмыстың басты мақсаттарының бірі-педагогтардың кәсіби шеберлігін жоғарылату. Аталған жұмыстың негізі мұғалімдердің қалалық, облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық деңгейдегі кәсіби сайыстарға нәтижелі қатысуы. Соңғы  оқу жылдарында мектеп педагогтарының жетістіктері төмендегідей болып отыр: Мектеп директоры А.М.Таймова ШҚО «Өрлеу» орталығының тұрақты дәріскері болып келеді.  Сонымен қатар, Таймова Анна Мұхамедановна ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына аясында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-25 жыл» медалінің иегері атанды. География пәні мұғалімі Сабырбаев Н.А.  ҚР Президентінің Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  Қазақстан  педагогтар қауымдастығының   "Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталынды.   Дене шынықтыру пәндері мұғалімдері Байсейтов Қ.Б. пен Сагиев Б.С. ҚР спорт және туризмінің "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін" марапатталынды. 2015-2016 оқу жылында бастауыш сыныптар мұғалімі Д.Н.Мұратбек «Жыл мұғалімі» кәсіби сайысынан қалалық жеңімпаз атанып, облыстық сайыстың қатысушысы ретінде арнайы сертификат иегері атанды.  2017-2018 оқу жылында математика пәні мұғалімі А.Б.Исмаилова қалалық шығармашылық байқауға қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді. Сондай-ақ, музыка пәні мұғалімі Усимбаева М.С. қалалық «Үздік сынып жетекші-2017» байқауына шығармашылықпен қатысып, 3-жүлделі орынға, қалалық ғылыми-практикалық конференцияның жүлдегері атанды. География пәні мұғалімі Н.А.Сабырбаев пен бастауыш сынып мұғалімі, оқу ісінің орынбасары К.З.Кададанова сертификатталған педагогтардың қалалық форумына қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды. Сонымен қатар озық іс-тәжірибелерін тарату арқылы ҚББ бөлімінің  Алғыс хатына ие болды.  2016-2017 оқу жылы  1-сынып мұғалімдері А.К.Бағдатова, Ж.Т.Ақбидаева оқу жылының басында   «Жаңартылған білім мазмұны-білім сапасын көтерудің негізгі бағыты» атты республикалық семинарда ашық сабақтар өткізу арқылы жоғары кәсіби шеберліктерін дәлелдей алды. 2017-2018 оқу жылында тарих пәнінің мұғалімі 2 оқушысын (10-сынып) республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өткен семинар-тренингтің қатысушыларын даярлағаны үшін  облыстық «Дарын» орталығының арнайы сертификат иегері атанды. 3 жыл қатарынан өзін өзі тану пәнінің мұғалімі, республикалыуқ деңгейдегі тренер З.Н.Жомартова республикалық «Бөбек» орталығының ұйымдастырған іс-шараларына белсенді түрде қатысып, Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, «Өрлеу» БАҰҰ орталығының ұйымдастырған семинар, конкурстарына да жүйелі қатысып, өзінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. 2 жыл қатарынан тарих пәнінің мұғалімі Ш.З.Есенбаева республикалық тестілеу орталығының белді мүшесі болып келеді. Аймақтық «Шығыс» орталығында облыстық мұғалімдер арасында сабақ көрсетті. Мектептің деңгейлік курстан өткен педагогтары Мектеп директоры, тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі Таймова Анна Мухамедановна, Кададанова К.З., Сабырбаев Н.А., Адилханова Г.А., Оразбекова А.Б., Муратбек Д.Н., Айкенев Қ.Қ., Есенбаева Ш.З., Жомартова З.Н., Жакина М.Т. қалалық желілік қауымдастықтың белсенді мүшелері. Сертификатталған педагогтардың қалалық форумына қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды.

Аталған 2018-2019 оқу жылында  мектеп директоры, тарих және қоғамтану пәндері мұғалімі Таймова Анна Мухамедановна Республикалық ата-аналар жиналысын өткізуде жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, ата-аналармен қоғамдық жұмысты ұйымдастырғаны үшін Алғыс хатпен, Өскемен қаласы әкімі Жақсылық Омардың Алғыс хатымен, Д.Серікбаев атындағы ШҚТМУ Алғыс хатымен, қалалық білім бөлімі басшысы Ж.Айтпаеваның Мадақтамасымен марапатталынды

2018-2019 оқу жылы бойынша екі педагог халықаралық деңгейге шықты. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утеева Г.Ж. Ресейдің Барнаул қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, арнайы Сертификат иегері атанды. География пәні Сабырбаев Н.А. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де өткен аймақтық компонент материалын оқып-үйренуге бағытталған халықаралық семинарға қатысып, іс-тәжірибесін таратты. 

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі Кададанова К.З. өскемен қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталынды.ОІО Кададанова К.З,бастауыш сынып мұғалімі Айкенев К.К., герграфия пәні мұғалімі Сабырбаев Н.А.,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Оразбекова А.Б.,Канкетаева Н.К. қала деңгейіндегі сертификатталған педагогтарының желілік қауымдастық жұмысына жыл көлемінде белсенділік таныту арқылы іс-тәжірибелерін таратты.

          Тарих пәні мұғалімі Есенбаева Ш.З. «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының аймақтық кезеңінің «Тарих пен құқық, дінтану мұғалімі» аталымы байқауының облыстық кезеңінде 1-орынды иеленді. Есенбаева Ш.З. 2 жыл қатарынан Республикалық Тестілеу Орталығының эксперті, ҰБТ бойынша қалалық аппеляциялық комиссия мүшесі, қала деңгейінде тарих пәні мұғалімдерінің шығармашылық топ мүшесі.

           2 оқу жылы қатарынан бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муратбек Д.Н., Өзін өзі тану пәні мұғалімі Жомартова З.Н. облыстық   Педагогикалық Шеберлік орталығының тренерлері ретінде ғылыми-ізденіс, шығармашылық таныта білді.

           Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Адилханова  Г.А., математика пәні мұғалімі Каратаева К.К. қалалық білім бөлімі басшысының Ұстаздар күніне арналған «Жоғары кәсібилігі және білім беру жүйесіндегі көп жылдық адал еңбегі үшін » Алғыс хатына ие болды.

          Физика пәні мұғалімі Аргынканов Т.А. қалалық білім бөлімі басшысы Ж.Айтпаеваның  «Педагогикалық саладағы жемісті жұмысы,өскенең ұрпақты тәрбиелеу және оқытудағы жоғары жетістіктері үшін» Алғыс хатымен марапатталды.

           Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шәкәрімнің 160 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Шәкәрімнің рухани әлемі» атты мұғалімдерге арналған ғылыми-практикалық конференциясының 3-жүлдегері атанды. 

           Биология пәні мұғалімі Ожаров Қ. жыл көлемінде  қалалық «Экобиоорталықпен» тығыз жұмыс жасау арқылы семинар-тренингтерге қатысып, іс-тәжірибесін таратты. Мектеп оқушыларының аталған орталық ұйымдастырған байқауларына қатысуға ықпал етті.

16 педагог қала деңгейінде өткен кәсіби байқауларға қатысу арқылы кәсіби біліктіліктерін шыңдады. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Кададанова К.З. «Үздік менеджер-2019» байқауының 3-жүлдегері атанды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Канкетаева Н.К. «Ең үздік сынып жетекшісі-2019» кәсіби байқауының 3-жүлдегері атанды. Мектеп әкімшілік мүшелері мен шығармашылық топтан құралған кәсіби команда «Педагогикалық команда-2019» байқауының 2-кезеңіне өтіп, ізденіс пен шығармашылық танытты. Арнайы Сертификатқа ие болды.(Команда құрамы: мектеп директоры-Таймова А.М., ОІО Нургазиев М.С., Рамазанова Г.Т.,Кададанова К.З., Каратаева К.К.,ТІО Кунанбаева А.Т.,Мұқышбеков М.М., бастауыш сынып мұғалімі-Бағдатова А.К.,Өзін өзі тану мұғалімі-Жомартова З.Н., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразбекова А.Б., информатика пәні мұғалімі Капакова Т.Т.)

  Бастауыш сынып мұғалімі Бағдатова А.К., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Оразбекова А.Б.,Кабдулдинова Г.М. қараша айында республикалық деңгейде  жаңартылған білім мазмұны аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты қызметкері Г.Адамбаеваның қатысуымен шеберлік сыныбын өткізу арқылы атқарылып жатқан жұмыстарына есеп берді.

ОІО Нургазиев М.С., ТІО Кунанбаева А.Т.,мектептің әлеуметтік қызметкері Кудрышева М.Т. Республикалық ата-аналар жиналысын өткізуде жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, ата-аналармен қоғамдық жұмысты ұйымдастырғаны үшін Алғыс хатпен марапатталынды.

Қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестіктері қалалық білім бөлімі тарапынан «Бірлестік жұмысын шығармашылыкпен ұйымдастыра алған үшін» Мадақтамасымен марапатталынды. Жетекшілері-Оразбекова А.Б.,Утеева Г.Ж.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив