«Суицидтің алдын алу» бойынша қыздар жиналысы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
ноябрь
2022

«Суицидтің алдын алу» бойынша қыздар жиналысы

Күн тәртібінде: 
1.    «Суицид» туралы жалпы түсінік және алдын алу жолдары; (Кудрышева М.Т.)
2.    «Мазасыздық» сауалнамасы бойынша қорытынды     (Кегалина Г.З.)
3.    «Өмірдің мәні  неде?» деген тақырыпта еркін әңгімелесу
Суицид (лат; suicaedere – өзін өлтіру) – адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының жұртшылыққа жариялап отырған жан түршігерлік мәліметтерінен Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицид оқиғаларының көбее түскендігін, өзіне — өзі қол салуға көбінесе олардың заң бұзуы, қылмыстық жауапкершілігі алдында үрейленуі, шыдамсыздығы, төзімсіздігі, қорқақтығы, сабақ үлгерімінің төмендігі, қызығушылық деңгейінің нашарлығы, көңіл күйінің болмауы, тез ашулануы және тәбетінің төмендігі себеп болып отырғаны баршамызға аян. Ендеше адам тағдырына келгенде жауапкершілікті тек ұстаздар мен дәрігерлерге, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтарына жүктеп қоймай, жұмыла мойнымызға алуымыз керек. 
А.Е. Личко жасөспірімдер арасында кездесетін суицидтердің ең жиі кездесетін себебіне мыналарды жатқызады: 
1. Сүйікті адамын жоғалту.
2. Шектен тыс қалжырау жағдайы.
3. Өзіндік қадір-қасиетін осал сезіну. 
4. Алкогольді, гипногенді, психотропты дәрілерді және есірткіні пайдалану
нәтижесінде пайда болатын жеке бастың қорғаныш тетігінің бұзылуы.
5. Өзін-өзі өлтірген адаммен өзін теңестіру.
6.Әртүрлі сылтаулар бойынша туатын қорғаныш, ызалану мен жабырқаудың әр алуан формалары. 
Демонстративтік суицид — өлуге деген ниеті жоқ, жай ғана басқалардың назарын өзіне аудару үшін өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жатады. Жасырын суицид — өлуді мәселенің шешімі деп санамайды, одан басқа жол таба алмай қиналатындардың мінез-құлығының бір түрі. Жастар арасында еліктеуіш күш те қарқынды әсер етеді. Олар теледидар, радиохабарлар, интернет арқылы «көшірме» ретінде өз үлгілерін табады да, оларға еліктейді. Суицидалдық мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері: 
— эгоцентризм (тұлға тек өзіндік күйзеліске, уайым-қайғыға назар аударады, басқа мәселелерге қызығушылық танытпайды);
— аутоагрессия (өзін-өзі орынсыз кінәлау, тұлғаның өзін төмен деңгейде бағалауы және т.б.);
— кризистен шығу жолына пессимистік тұлғалық қатынас (депрессия, қорқыныш, суицидалдық әрекетке әзірлік);



Екінші мәселе бойынша жүргізілген Филипстің «Мазасыздық» сауалнамасы бойынша қорытындыға тоқталар болсақ:


 
Филлипстің мектептегі мазасыздық сауалнамасы стандартталған психодиагностикалық әдістерге жатады және мектептегі мазасыздықтың жалпы деңгейін ғана емес, сонымен қатар мектеп өмірінің әртүрлі салаларымен байланысты мазасыздықты сезінудің сапалық ерекшелігін бағалауға мүмкіндік береді.
  1. Мектептегі жалпы мазасыздық — бұл баланың мектеп өміріне енуінің әртүрлі формаларымен байланысты жалпы эмоционалды жағдайы.
  2. Әлеуметтік стрессті бастан кешіру — бұл баланың эмоционалды жағдайы, оның аясында оның әлеуметтік байланыстары (ең алдымен құрдастарымен) дамиды.
  3. Табысқа жету қажеттілігінің бұзылуы — бұл баланың табысқа жету, жоғары нәтижеге жету және т.б қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейтін қолайсыз психологиялық фон.
  4. Өзін — өзі көрсетуден қорқу — өзін-өзі ашу, өзін басқаларға көрсету, өз мүмкіндіктерін көрсету қажеттілігімен байланысты жағдайлардың жағымсыз эмоционалды тәжірибесі.
  5. Білімді тексеру жағдайынан қорқу — білімді, жетістіктерді, мүмкіндіктерді тексеру жағдайларында (әсіресе-көпшілік алдында) теріс көзқарас пен мазасыздықты сезіну.
  6. Басқалардың үміттеріне сәйкес келмеу қорқынышы — өз нәтижелерін, іс-әрекеттері мен ойларын бағалауда басқалардың маңыздылығына назар аудару, басқаларға берілген бағалар туралы алаңдаушылық, теріс бағаларды күту.
  7. Стресске төмен физиологиялық қарсылық — психофизиологиялық ұйымның ерекшеліктері, баланың стресстік жағдайларға бейімделуін төмендетеді, қоршаған ортаның алаңдаушылық факторына жеткіліксіз, деструктивті жауап беру ықтималдығын арттырады.
  8. Мұғалімдермен қарым — қатынастағы проблемалар мен қорқыныш — бұл мектептегі ересектермен қарым-қатынастың жалпы жағымсыз эмоционалды фоны, бұл баланың оқу жетістігін төмендетеді.
3.«Өмірдің мәні  неде?» деген тақырыпта еркін әңгімелесу өтті, қыздар өз ойларын толығымен, ашық пікірлерін айтты.
Қорыта келгенде: Оқушыларға өздері қоғамның болашағы екендігін, сол болашақтыңтағдыры осы өздерінің қолдарында екендігін ұғындыру. Ата –баларымыздың өсиеттерін екі етпей орындауға, имандылыққа,мұсылмандыққа жат қылықтардан аулақ болуға, өмірдің қиын мәселелері шеше білуге, басқа достарына көмектесе білуге тәрбиелеу. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив