«Рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен мектепішілік тағы бір шара » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
апрель
2019

«Рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен мектепішілік тағы бір шара

Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер; өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше.  Ал өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиеттісі-көркем әдебиет.

Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді… Осыған орай 6 сәуір күні мектебімізде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Руханият-мол мұрам» атты мәдени іс-шара өтті. Шарада мектеп ұстаздары қазақ әдебиетінің ең таңдаулы классикалық шығармалары: М. Әуезовтың «Абай жолы», С. Көбеевтің «Қалың мал», Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі», С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз», Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан»,  Ж. Аймауытовтың «Ақбілек», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романдарынан көріністер қойды.  Бұған дейін де эстетикалық, орыс тілі, қоғамдық пәндер, бастауыш сынып, қазақ тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану бірлестіктері болып түрлі шараларда белсенділік танытып жүрген мектеп ұжымы, бұл жолы да өз шеберліктерінің шыңын көрсетті. Ұстаздар тағы бір өнерлі қырларын паш етіп, көркем әдебиеттің тұнығына терең бойлады. Ал тәрбиелік мәні бар, салт-дәстүрлеріміз көрініс тапқан қойылымдар арқылы көрермен болып отырған  оқушыларға өмір құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтас көрсетілді. Көркем шығарманың адамға тек өмірді танытып қана қоймай, өмірге деген көзқарасын қалыптастыратынын, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал ететінін түсіндірді. Осылайша ұстаздар оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын оятты деп айтуға да болады.
 
Шара соңында 9-11 сынып оқушылары үлгі-өнеге көрсеткен ұстаздарына ақ алғыстарын білдіріп, жұмыстарының табысты болуын тіледі. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив