14
октябрь
2020
«Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» атты адалдық сағаты
«Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» атты адалдық сағаты 2020-2021 оқу жылы
Мектебімізде 13 қазан күні 1-11 сыныптарға арналған Республикалық бірыңғай акция «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» атты адалдық сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға видео, слайд көрсетіліп, Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы туралы мағлұматтар айтылып, ол кісінің ел арасында нақыл болып кеткен сөздері талданды. Сонымен қатар, сабақ барысында жетістікке жетудегі шыншылдық, адалдық қасиеттердің алатын орны айтылып, қазіргі заман адамына тән мінез -құлықтар сөз болды. Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам талабы мен адамға қойылатын талаптарды атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз пікірлерін білдірді. Өткізілген іс-шара туралы ақпарат әлеуметтік желілерге салынды.
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |