Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
декабрь
2019

Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы

Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы хабарлама

Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай 9-14 желтоқсан аралығында біршама іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, 9 желтоқсан  күні 1-11 сыныптар арасында  «Мен ұлы даланың ұлымын!» атты тәрбие сағаттары көш бастап, үлкен үзілістегі «Ел тарихының сырлары» аталған танымдық ойындармен, «Тәуелсіздік тарихы» атты радио хабарлармен өз жалғасын тапты. 10 желтоқсан күні 1«К», 5«А» сыныптарын «Жас сарбаз» қатарына қабылдау іс-шарасы салтанатты түрде өтті, түстен кейін тарих пәнінің мұғалімі Жақсыбай Д.  6-сыныптар арасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырып, ұлы даланың тарихы туралы оқушыларға көп мағлұмат берді, жеңімпаздар   марапатталды. 11 желтоқсан күні Республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау  өткізілді, 150 оқушы «Жас Ұлан» қатарына қабылданды. Сонымен қатар, 8-сыныптар арасында Ахауова Ж.А. «Алтын сандық» ойынын өткізіп, оқушылардың танымдық қабілеттерінің артуына жағдай жасады. 12 желтоқсан күні 7-сыныптар арасында Тәжібаева Б.Р. жүргізген «Ұлы даланың киелі шаңырағы» интелектуалдық ойыны мәлім Қазақстанның беймәлім тұстарын ашып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. 9-11 сыныптар арасындағы «Жаса, жайна, Қазақстан!» салтанатты іс-шарасы 13 желтоқсан күні өтті, оқушылар атаулы жылдарды сөйлете отырып, тамыры терең тарихтың қойнауына көрермендерді сапар шеккізіп қайтты. Тәуелсіздікке арналған іс-шаралардан ұстаздарымыз да қалыс қалмай, 14 желтоқсан күні «Тарихи әндер шеруі» атты шара  өткізіп, тұғыры биік Тәуелсіздікке дейінгі еліміздің бастан кешкен зұлмат жылдар көрінісін әнмен жеткізді. Тәуелсіздік күніне орай өткізілген әр іс-шараға мектеп оқушылары толығымен қатысып, жоғарғы деңгейде өтуіне себепкер болды. (іс-шараға 1355 оқушы, 105 ұстаз қатысты)














Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив