«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы туралы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сентябрь
2020

«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы туралы


17 қыркүйек күні мектебімізде 1-11 сынып аралығында  «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» атты жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету болды. Жиналыстың күн тәртібінде төмендегі тақырыптар қарастырылды.

1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары. 

2) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.

 3) Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны. 

4) Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет- платформасымен танысу. 

5) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.

 6) Баланың оқу режимі және демалысы. 

7) Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?

 8) Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.

 9) Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру 

10) Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.

Жиналыс Zoom, ватсап платформалары арқылы өтті. Мектеп бойынша жиналысқа  1-11 сыныптар аралығында 987 ата-ана, 94 мұғалім қатысты. Ата-аналар кері байланысқа жақсы шықты, білім платформалары, бағалау туралы біраз сұрақтар қойды. Сынып жетекшілер мен оқу ісі меңгерушілері барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Ата-аналар қашықтықтан оқыту барысында жүргізіліп жатқан сабақтарға оқушылардың тиянақты қатысып жүргенін, күн тәртібіне үйренгенін айтып, ұстаздардың еңбегіне алғыс айтты.












Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив