Тәуелсіздік тұғыры » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
декабрь
2021

Тәуелсіздік тұғыры


Үш онжылдықтан аз уақыт ішінде Қазақстан шикізаттық экономикасымен ғана танымал елден беделді жаһандық ойыншыға, әлемдегі ең бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіруге ниетті мемлекетке айналып, үлкен жолдан өтті. Осы жылдар ішінде республика өзінің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған саясатқа сәйкес дамыды. 

Көптеген саясаткерлер, сарапшылар мен талдаушылар, отандық та, шетелдік те, бірнеше рет: "соңғы империяның" ыдырауы мен жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің пайда болуының аса күрделі тарихи кезеңінде елде осындай мықты көшбасшы табылғанына Қазақстанның жолы болғанын атап көрсетті. 

Қазақстан азаматтарының қолдауына ие болған Нұрсұлтан Назарбаев ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында еліміз үшін күрделі шешімдер қабылдап, осындай құрылыстың берік іргетасын қалады. Ал оның бастамалары мен әрекеттері алдағы жылдар ішінде Қазақстанның егемендігін нығайтты.

"Еліміздің ұлы және тар жол тайғақ кешуі гиперинфляцияны, жаппай жұмыссыздықты, өнеркәсіп кәсіпорындарын тоқтатуды, жалақы мен зейнетақының болмауын қамтыды. Бұрынғы үлкен империядан қалған ауыр мұраларды, қиындықтарды еңсеріп, бәрімізге аяғымызға тұра алатынымызды дәлелдеуі керек еді. Көпұлтты ел, ішкі тұрақсыздық, әлсіз экономика...  Біз мемлекет бола аламыз ба деген үрей ел ішінде тарап кетті. Бірақ біз керісінше дәлелдедік-қолымыздан келді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы кезеңде Тұңғыш Президент экономикалық және әлеуметтік салалардағы коллапсты тоқтатып, оларды біртіндеп қалпына келтіру процесін бастаған бірқатар маңызды және батыл шараларды жедел қабылдады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы айларда бағаларды ырықтандыру басталды, кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы іске қосылды, қаржы және банк жүйелерін қайта құрылымдау басталды. 1993 жылы еліміздің өз валютасы-теңге пайда болды.

Ал 1997 жылы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан-2030" Тарихи Стратегиясын жариялады, онда дамудың жаңа көкжиектері мен негізгі бағдарлары белгіленді. Айтпақшы, бұл посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер үшін бұрын – соңды болмаған қадам болдыбіздің республикамызға дейін мұндай ұзақ мерзімді бағдарламаларды бірде-бір ел әзірлемеді және қабылдаған жоқ. Уақыт көрсетіп отырғандай, сенім мен қажырлы еңбек ақталды – "Қазақстан-2030" Стратегиясы 2014 жылы мерзімінен бұрын орындалғаны есімізде.

Н.Ә.Назарбаев саясатқа алып келген бірқатар принципті жаңалықтардың бірі – Президенттің Қазақстан халқына Жолдаулары. Жалпы, Жолдаулар басқа елдерде де қолданылады, бірақ олар әдетте міндеттердің белгілі бір шеңберінен ас­пайды да, жоғары заңды органға ғана бағытталады. Ал Қазақстанда Мем­ле­кет басшысының Жолдаулары бү­кіл ха­лыққа арналып, онда бүкіл ел­дің алдын­да міндеттер қойылады және елдің жан-жақты дамуының келер жыл­ға, одан да ұзақ мерзімге арналған не­гізгі басымдықтары мен жоспарлары ай­­қындалады. Әрбір азаматтың өмі­рінің сапасын жақсарту, әлеуметтік қам­сыз­дандыру, жастарға қолдау көрсету – бұл жайттардың барлығы Президенттің ха­лыққа әр Жолдауында көрініс табады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасы шетелдік іссапарларға көп уақыт жұмсады, оның басты мақсаты Инвесторлармен байланыс орнату, оларға Қазақстанның іс жүргізуге болатын ел екенін дәлелдеу болды.

"Алдымен – экономика, содан кейін – саясат" қағидаты бәрінде көрініс тапты. Нұрсұлтан Назарбаевтың ең маңызды шешімдерінің бірі – ядролық қарудан бас тартуды еске алсақ та жеткілікті. Бұл қадам Қазақстанның халықаралық аренада өзін бейбітсүйгіш мемлекет, жаһандық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде орнықтыратыны туралы мәлімдемеге айналды.

         Тағы бір өзекті мәселе – Пре­зидент Н.Ә.Назарбаевтың зияткер ұлт­ты қалыптастыру бағыты. Жаңа көз­қа­растағы қазақстандықтарды тәр­биелеу адамзат­тық капиталдың жаңа деңгейі – жаңа экономиканы қа­лыптастырудың бас­ты тетігі болып табылады. Қазіргі таң­да Қазақстан Елбасының салиқалы жүргіз­ген саясатының арқасында әлем­нің ең қар­қынды дамыған 30 елі­нің қатарына нық қадам басты. Жа­һан­дық мәселелерді талқыға түсіріп, жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатқан ЕҚЫҰ сам­миті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүние­жүзілік ислам экономикалық форум, т.б. ірі басқосулардың Қазақ жерінде өтуі – Тұңғыш Президентіміз, әлемдік сара саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық үлкен беделінің көрінісі екендігі даусыз. Осындай көшелі істер­дің жалғасы ЭКСПО-2017 көрмесін өткі­зу болып отыр. Адамзат ақыл-ойы­ның тамаша табыстарының бірі – Бү­кіл­әлемдік жетістіктер көрмесін ұйым­дастырудың 160 жылдан астам тари­хында Орталық Азия аймағы, тіпті ТМД мемлекеттерінің ешқайсысында да­­ Ха­лық­аралық көрме жалауы желбіреп көр­­ген жоқ.

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең,  ащы термен келген тәтті жеңіс. Арасы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі қиындықтарды жеңумен келген тәуелсіздігімізді  сақтау, нығайту барлық Қазақстандықтардың парызы екенін ұмытпағанымыз жөн.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив