08
декабрь
2021
Ел үшін туған Елбасы

Қазақстан Республикасының бірінші президенті Елбасы Н.Назарбаев 2021 жылдың 6 желтоқсандағы "Тәуелсіздік сағаттары" мақаласын Тәуелсіз еліміздің 30 жылдығына арнады.
Мақалада Елбасы ата-бабаларымыз елін
қасық қаны қалғанша қорғап,салт-дәстүрін,мәдениетін,тегін ұлттық мәдениетін бүтіндей сақтап қалғанын атап өтті.
Өткенге көз жүгіртсек,қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Аштық та,қырғын да,патшаның отарлау саясаты,ұлт-азаттық көтеріліс,ақпан төңкерісі,Ұлы Отан соғысы,тың игеру,қайта құру,1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін тәуелсіз еліміздің ақ таңы атқан еді.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихы бар жолында қазақ елі шыдамдылық пен табандылық танытып терең білім, іскерлік дұрыс жол таңдай білді.Осы жолда еліміздің жаңа экономикасын құрды,шекарасын бекітті,ядролық сынақтан бас тартып, әлем елдеріне үлгі бола білді. 30 жылда барлық салаларды дамытып,мәдениет,спорт салаларында үлкен жетістіктерге жетіп әлем елдерін мойындатты.Жастар өткен тарихты біліп,және өткеннен сабақ ала білу керектігін Елбасы атап өтті.
Ата- бабаларымыз аманат еткен ұлан-ғайыр жері,қазақ халқының ұлы көші, ақ тері алға қарай жылжып, рухы әрдайым асқақ болсын!