Жамбыл Жабаев 175 жыл
«Оқуға құштар мектеп» жоба бойынша өткізілген іс-шара
басқармасы Өскемен қаласы бойынша
білім бөлімінің «№35 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өскемен қаласы №35 орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Халықтың сүйікті ақыны» атты ақпарттық сағат 4 сынып оқушылардың қатысуымен өткізілді.Ж.Жабаев поэзиясы адамға рухани күш сыйлайды.Оның жанға жақын туындысы қалың оқырманға жігер берді.Ақын мерейтойының Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа –тұс келуі терең символикалық мәні бар.
Осы іс-шараға 4 сынып оқушылары ақын шығармаларын мәнерлеп оқып шықты.Сонымен қатар ақын өмірімен терең танысты.






Халықтың сүйікті ақын
Ақпарттық сағат
Қазақ халқының ақындық өнерінің тарихында Жамбыл Жабаевтың алатын орны айрықша зор.
Мырзытай Жолдасбеков
Сабақтың мақсаты: Жамбылдың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру.Өлеңдерді мәнерлеп оқу.Өлеңдерін талдай отырып,оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,адамгершілікке,тапқырлыққа,байқағыштыққа,Отанын сүйюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жамбылдың суреті.Шығармалар жинағы,газет-журнал материалдары.Бүктемелер.Өсиет сөзі жазылған плакат.
Құрметті мұғалімдер мен оқушылар,бүгін кітапханаға Жамбыл Жабаевтыңтуған күніне байланысты ақпараттық сағатқа қош келдіңіздер! Жамбыл өмірімен де,шығармашылығымен де екі ғасырды молынан қаусыра тұтастырып жатқан ұлы жырау.13-15 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX шегінде шығарған өлең -жырлары мен айтыстары өте мол болған.Кезінде жазып алынбағандықтан,солардың бірталайы ұмытылған.
Болашақ ақын 1846 жылы 28 ақпан айындақазіргі Жамбыл облысындағы, Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген.Жамбылдың аталарынан әріректе өнерпаз,сері,палуандар,ділмар шешендер шыққан.Ақынның:
Қырғыз,қазақ бас қосса топ жарады,
Жиреншедей тілі бар ер Қосайдың,-
Дегендегі Қосай шешен -өз бабасы.Жамбылға әкесінің: “Екейде елу бақсы,сексен ақын” деген сөзі де жетер,сен сексен бірінші болмай-ақ қой дейтіні де Жамбылдың өнер дарыған елден шыққанын көрсетеді.
Жамбыл өмірге келген кезде Қазақстанның щңтүстік өлкесі,Жетісу өңірі Қоқан хандығына бағынышты болатын.Ал қоқандықтардың халыққа жасаған зорлық-зомбылығы айтып жеткізгісіз ауыр еді.Ақынның өз ауылдары солардан қашып бара жатқанда,қақаған қыс айында көш-жөнекейтуыпты.Ақындық өнерінің әлеуметтік бағытын белгәлеп берген сондай жағдай жайында Жамбыл кейін:
Көз аштым,сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан қанда жасты жанды көрдім.
Ел көрдім-еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнында Алатаудың зард ыкөрдім,--
Деп ашына еске алады.
Жамбыл 13 жастан бастап ақын болуға бекем бел байлайды.Жас талаптың Сүйінбаймен кездесіп, батасын алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады.Жамбыл да Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап:
Менің пірім-Сүйінбай
Сөз сөйлемен сиынбай...-
Деп , ұстазын тір тұтумен өтеді.
Ақынның өзі 15-16 жаста тең басқан төрт аяғын жорға болғанын айтады.Он жеті,он сегіз аралығында өз құрдастарынан оқ бойы озып шығып:
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдыздай көзге түсіп,жалқындадым..-дейді.
Жиырма жасында атақты ақын-Жаныспен айтымып,оны жеңедң. «Жылқышы», «Пұшықтың ұрыға айтқаны», сияқты белгілі өлеңдерін сол шамада шығарған.Айкүміспен айтысы да осы тұста болады. Жамбыл 1881 жылдың күзінде сол кезде атағы аспандап тұрған әйгілі айтыскер ақын Құлманбетпен айтысып,жеңіске жетеді.
Балаларға:
Балалар,аманбысың,шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым.
Жүрмесең есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді міне Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам.
Қарт бабаң дәуіріне мейірі қонған,
Қуанып жастығына сендей ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз-түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай,жұлдыз,күннің көзі,жел менен су-
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
Жамбылдың қуатты шығармашылығы бостандықтан,теңдіктен,әділдіктен нәр алды,оның жырларының бастауында түркі халықтарының мәңгі өшпес батырлық жырлары тұрды ақын қырғыздың «Манас», түркі-әзірбайжанның «Көрұғлы» эпостарын,қазақтың «Батырлар жыры» топтамасын жатқа білді.Халықтың бұл асыл қазыналары Жамбыл сияқты шебер орындаушы-жыршылардың арқасында көркемдік жаңа әрі мазмұндық терең мағына тауып,бүгінгі ұрпаққа жетті,байи түсті.Жамбылдың өз жанынан шығарған «Сұраншы батыр»,мен «Өтеген батыр» жырлары ұлттық әдебиетіміздің жарасымды дәстүрлерін одан әрі жалғастырып,қазақ поэзиясының алтын қорына қосылды.
Жамбыл кеңестік кезеңде де өзгерген жоқ.Өзі бұрыннан сүйсәіне жырлайтын жақсылық,туған жерге деген сүйіспеншілік,еңбек,бақытқақұштарлық тақырыптарынан танған емес.Адам арын аяққа басатын,оны құлдық-күңдік күйге түсіретін келеңсізқылықтардың барлығын бұрынғысынша жек көрді.Жамбыл фашизімге,нацизм мен соғысқа бүкіл жаратылысы мен қарсы тұрды.Жамбылдың атақты «Ленинградтық өренім!» өлеңі сұрапыл қоршау мен аштыққа душар болған әрбір ленинградтықтың нағыз бойтұмарына айналды.
Ленинградтық өренім
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін.
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз
Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған.
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жасағам жоқ өмірді
Жау сойғанын көргелі.
Төккенім жоқ терімді!
Шер қылғалы кеудені.
Жасалған жоқ салтанат
Жаудың болуға ермегі.
Жауда қалып Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі!-
Жасағамын өмірді
Жау біткенді жеңгелі
Саудыратып сүйегін,
Топыраққа көмгелі.
Қазақстан жерінен,
Тұтағандай ел кегі,
Жолды кернеп қол кетті
Сендерге дем бергелі,
Нева алабын қорыңдар
Ленинградтың ерлері,
Ұрпаққа үлгі болыңдар,
Заманымның өрнегі!