Жұмысқа қабылдау бойынша өткізілген конкурстың қорытындысы
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ-де 2025 жылдың 11-19 тамыз аралығында химия пәні бойынша уақытша бос лауазымға (1 ставка) конкурс жарияланған. Осыған байланысты химия пәні бойынша уақытша бос лауазымға барлығы 8 үміткер өтініш білдіріп, конкурсқа қатысты. 2025 жылдың 26 тамызында педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша комиссия мүшелерінің отырысы өткізіліп, конкурсанттардың барлық құжаттар топтамасы қаралып, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығының 113-пунктіне сәйкес құжаттар топтамасын толық өткізген конкурсанттардың педагогтерді жұмысқа қабылдау комиссия мүшелерінің таңдауымен 1 ғана үміткер ұсынылды. Педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша комиссия мүшелерінің отырысының шешімі негізінде уақытша бос химия пәні лауазымына (1 ставка) Айдарова Алина Айдарқызын жұмысқа қабылдау бойынша мектеп директоры А.М.Таимоваға ұсыныс жасалынды.