1 сыныпқа қабылданатын білім алушылардың ата-аналар жиналысы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2023

1 сыныпқа қабылданатын білім алушылардың ата-аналар жиналысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023-2024 оқу жылына  1-сыныпқа қабылдау бойынша ата-аналар жиналысының хаттамасы
Өскемен қаласы                                                            30 наурыз 2023 жыл
Төрайымы: Мектеп директоры-А.М.Таимова
Хатшы: іс жүргізуші-А.С.Хамзина
Қатысқандар:
1-сыныпқа келетін балалардың ата-аналары.
1-сыныпты 2023-2024 оқу жылы бойынша алатын мұғалімдер: 
А.Т.Жумажанова, Н.М.Бекболат, М.С.Кабдыкаримова, М.А.Баймолдина, А.А.Аринбекова,  А.Н.Жумагалиева
Мектеп директоры-А.М.Таимова.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары:
М.М.Мұхышбеков, Г.Т.Рамазанова, К.З.Кададанова
Мектеп директорының ақпараттандыру жөнінен орынбасары: Т.Т.Хамзина
Мектеп психологтары: М.Т.Кудрышева,  Г.З.Кегалина.
Күн тәртібінде:
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2023-2024 оқу жылына балаларды  1-сыныпқа қабылдау туралы
Тыңдалды: Аталған мәселе бойынша мектеп директоры А.М.Таимова сөз алды. Анна Мухамедановна Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023-2024 оқу жылына  1-сыныпқа қабылдау бойынша ерекшеліктері туралы ата-аналарға   айтып өтті. 1-сәуір-15 тамыз аралығында   оқушылардың құжаттары қабылданады.
1-сыныпқа құжаттарды қабылдау электрондық үкіметтің Еgov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналар баланың мектепке қабылдану үшін қажет  құжаттар тізбесін pdf  форматы арқылы Еgov.kz веб-порталына ретімен жүктеп, мектепке қабылдауға өз өтініштерін қалдырады. Мектепке жіберілген өтініш Mektepsnation порталы арқылы өңделіп, нәтижесі хабарлама түрінде өтініш берушіге жіберіледі. 
1-15 тамыз аралығында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша  оқыту үшін ведомостволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына  құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қағаз түрінде жүзеге асырылады.
М.М.Мұхышбеков-директордың оқу ісі жөнінен орынбасары. Мерей Мұхтарханұлы 1-сыныпқа келетін оқушылардың құжаттарын қабылдау ережесіне тоқталды. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша  оқыту үшін ведомостволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына  құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» бойынша қажетті құжаттар тізбесін айтып өтті:
Қажетті құжаттар тізбесі:
1.026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты;
2.063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
3.3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
Т.Т.Хамзина: директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша  оқыту үшін ведомостволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына  құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» бойынша қажетті құжаттар тізбесіне тағы бір тоқталды. Барлық ата-ананы осы қызметтің жұмысымен таныстыру біздің міндетіміз. Аталған жұмыс сәуір айының бірінен басталады. Сондықтан мектеп әкімшілігі ата-аналардан балаларының 1-сыныпқа қабылдануына қажетті құжаттарды уақытында жинап, барлық талаптарға сай өткізулерін сұраймыз.
Төрайымы: Мектеп директоры-А.М.Таимова
Хатшы: іс жүргізуші-А.С.Хамзина
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив