Жұмысқа қабылдау бойынша өткізілген конкурстың қорытындысы
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ-де 2025 жылдың 11-19 тамыз аралығында директордың оқу ісі жөнінен орынбасары лауазымына (1 ставка) конкурс жарияланған. Директордың оқу ісі жөнінен орынбасары лауазымына байланысты өткізілген конкурсқа 1 ғана үміткер өтініш білдірді. 2025 жылдың 20 тамызында педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша комиссия мүшелерінің отырысы өткізіліп, конкурсанттың барлық құжаттар топтамасы қаралып, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығының 113-пунктіне сәйкес құжаттар топтамасын толық өткізген конкурсанттың педагогтерді жұмысқа қабылдау комиссия мүшелерінің таңдауымен үміткер ұсынылды. Педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша комиссия мүшелерінің отырысының шешімі негізінде директордың оқу ісі жөнінен орынбасары лауазымына (1 ставка) Кададанова Кунсулу Зарлыкановна жұмысқа қабылдау бойынша мектеп директоры А.М.Таимоваға ұсыныс жасалынды.