Білім күніне арналған салтанатты жиын
Білім күні әрдайым керемет мереке, осыған орай мектебімізде «Мектебім мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Жиын сағат 10.00 де басталды. Мереке қонақтары Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Біржан Бауыржанұлы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ проректоры Машекенова Асия Хасеновна, С.Аманжолов атындағы ШҚУ биология ғылымының докторы, профессор Дакиева Кульзипа Жусуповна, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Капчикова Нургуль Тлеубековна болды. Қонақтар мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып бүлдіршіндеріне өз жылы лебіздерін, мектеп директоры Таимова А.М. салтанатты жиын қонақтарына ата аналар мен оқушыларға құттықтау сөзін арнады. Мереке барысында ән айтылып, би биленді бірінші сынып оқушылары тақпақтарын мектебіне арнап, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соқты. Мереке ата аналар мен оқушылардың көңілінен шығып . Жиын соңында оқушылар білім сабағына аттанды.














