Тұрсынзада Есімжановтың 80 жылдығына арналған Библиоквест
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойыншабілім бөлімінің
«№ 35 орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Тұрсынзада Есімжановтың
80 жылдығына арналған
Библиоквест
Орындаушылар: Есимханова Б.Т.-кітапхана меңгерушіс
Нәліхан Г.Д.- кітапханашы
Қатысушылар: 8 сынып оқушылары
2020-2021 оқу жылы
Іс-шара аты: Тұрсынзада Есімжановтың 80 жылдығына арналған
Іс-шара түрі: Библиоквест
Іс-шара өткізілген күні: 21 қаңтар 2021 ж.
1. мектеп кітапханашылары.
2. қатысушылар: 2 топқа бөлінген 8-ші сынып оқушылары
3. Ойынға қатысушылар саны – 6
Мақсаты: қатысушыларды ұйымшылдыққа, ғылымға, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға және өзіндік пікірді дамытуға бағыттау.
Жүргізуші: Құрметті библиоквестқа қатысушылар,Тұрсынзада Есімжановтың 80 жасқа толу мерейтойына арналған осы библиоквестің тапсырмаларын белсенді әрі креативті орындап,белсенді қатысуды сұраймыз.
Ойынның сонында жасырын сөзді табу. «21 ғасыр деген» сөз шығу керек.
І тапсырма:
1.Тұрсынзада Есімжанов қай жылы және қай жерде дүниеге келді?
Жауабы:Тұрсынзада Есімжанов 1941 жылы 21.01. Алматы облысының Ақсу
ауданында дүниеге келген.
2.Қай жасынан бастап алғашқы өлеңдерімен көзге түскен?
Жауабы: Мектеп жасынан алғашқы өлеңдерімен көзге түскен.
3.Тұрсынзада Есімжанов қай мерзімді басылымда редактор болған?
Жауабы:«Өмір нұры» газетінде редактор болған.
ІІ тапсырма:
1.Еңбек жолы қай жылдан басталды?
Жауабы: Еңбек жолы 1957 жылы басталды.
2.Қай жазушылар мен ақындардың шығармаларын аударған?
Жауабы: Шекспир;Эдгар По,Алексанрд Сергеевич Пушкиннің,Сергей Есениннің, Гейне,Джордж Байронның, Расул Ғамзатовтың.
3.Тұңғыш жыр жинағы қалай аталады?
Жауабы: «Қабырға тал».
ІІІ тапсырма:
1.Тұрсынзада Есімжановтың жарық көрген пьесаларын атаңыздар.
Жауабы: «Соңғы сот», «Зауал», «Жолда қалған жолаушы» пьесалары
жарық көрген.
2. Тұрсынзада Есімжанов қай қоғамдық академиясының академигі боп
келеді?
Жауабы: Қазақстан Республика «Экология» қоғамдық академисының
академигі.
3. «Советтік Жетісу» газеті қай облыста жарық көріп тұрды?
Жауабы: Талдықорған облысында жарық көріп тұрды.
4. Тұңғыш жыр жинағы «Қабырға тал» қай жылы жарық көрді?
Жауабы: Тұңғыш жыр жинағы «Қабырға тал» 1963 жылы жарық көрді.
IV. Тапсырма.
Ойыншылдарға үстелдің үстіне бір кілтті қою. Кілттегі артық сөзді тауып, қалғандарының ортақ түсінігін табыңыз:
Т Е М І Ш
А С Р Й А
С А Б Х А Н А П А
Л Ү С Е Т
Жауабы: мешіт, сарай, баспахана, үстел.
V.Тапсырма.
1.Жапанда бір нәрсе бар өте қызық,
Жаңалықты күнделікті берер жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайдаланар тәмам халық.
Жауабы: газет
2. Өлеңдері хақында Ғабит Мүсірепов: «Тұрсынзада .......... талай талант туғызып, әрбір жаңа жинағымен ...... талғамын тереңдетіп, қазақ ........көкжиегін кеңейтіп келеді. Ол талантын ылғи бір маңызды ................ арнайды, жаңа бояулар, жаңа теңеулер табады…» – дей келе, тұтас .................... пайымды шолу жасаған болатын.
Жауабы:өз сонынан, оқырман,жырының,жаңа тақырыптарға,шығармашылығына.