Бос лауазымға педагог ассистентке конкурс » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
октябрь
2023

Бос лауазымға педагог ассистентке конкурс

Бос лауазымға педагог педагог-ассистентке конкурс жариялау

31 қазан -8 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ   бос лауазымдық орын- педагог-ассистентке конкурс жариялатындығы хабарланады.

Конкурс өткізу барысы туралы.
1. Біздің мекен -жайымыз: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ
Мекен -жайы: Қабанбай көшесі 132, телефон: 8 (7232) 26-99-71, электронды пошта: school35.edu.oskemen@mail.kz

2. Конкурсқа қатысушының функционалдық міндеттері: Өзі оқытатын  пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. 
  Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. Электронды журналдарды толтырады. 
  Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
    Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
   Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысып, туындап жатқан мәселелерді шешуге ат салысады. 
     Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді, олардың ары қарай дамуына ықпал жасайды. 
     Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ерекшелігі бар   білім алушыларды (ПМПК анықтама қағаз, диагноз, үйден оқытылатын) сыныпта бар болған жағдайда,  ерекшелігін ескере отырып, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
        Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
        Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды және  орындайды. 
     Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді және сынып бөлмесінің тазалығына қойылатын  санитарлық нормаларды қатаң сақтайды, педагогикалық имидж бен этикет талаптарын орындауға міндетті.
     Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады. 
     Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды. 
     Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 
     Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады. 
     Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. 
    Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыс жасайды.
 Педагогтың біліктілік санатына, еңбек өтіліне  сәйкес еңбекақы төленеді. 
3. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;Білуге міндетті: 
     Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын,  Қазақстан Республикасының БҒМ білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, "Педагог мәртебесі туралы" Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,  педагогика мен психологияны,  пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,  оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды білуге тиіс.
      Педагогтың педагогтық әдеп нормалары мен лауазымдық міндеттерін өз қызметінде орындауы:
          -білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
         -Қазақстан Республикасы педагогының жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол берілмейді;
         -өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
         -өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді,өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
        -еңбек тәртібін бұлжытпай орындайды;
        -білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
        -сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
        -қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалауға жол берілмейді;
        -өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
        -өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік  киім үлгісінде болады;
        -өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға, жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
        -педагог әріптестерімен қарым-қатынас жасауда адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі 31 қазан - 8 қараша аралығы 
5. Қажетті құжаттар тізбесі:Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
     1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
       2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
    10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11)Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін -өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратылымдылығы 720x480


Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші 
басшылары мен педагогтерін 
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату 
қағидаларына
15-қосымша

Нысан 

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік 
орган
     _______________________________________________________________
     кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН 
     _______________________________________________________________
     (лауазымы, жұмыс орны) 
     _________________________________________________________________________________________________________________________________ 
    Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны
Өтініш
    Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)
     _______________________________________________________________
     білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл) 
     Қазіргі уақытта жұмыс істеймін 
     _______________________________________________________________
    лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
    Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
    Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
Оқу орнының атауыОқу кезеңіДиплом бойынша мамандығы






    Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________ 
     Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________ 
        Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________ 
        Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда) 
       _________________________________________________________________________
 









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив