5 -12 тамыз аралығында бос лауазымдық орын- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне конкурс жариялатындығы хабарланады. » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 -12 тамыз аралығында бос лауазымдық орын- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне конкурс жариялатындығы хабарланады.
04
август
2022

5 -12 тамыз аралығында бос лауазымдық орын- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне конкурс жариялатындығы хабарланады.

Тамыздың 5- 12 аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ  бос лауазымдық орын- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне конкурс жариялатындығы хабарланады.

Конкурс өткізу барысы туралы.

1. Біздің мекен -жайымыз: 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ

Мекен -жайы: Қабанбай көшесі 132, телефон: 8 (7232) 26-99-71, электронды пошта: school35@edu.oskemen.kz


2. Конкурсқа қатысушының функционалдық міндеттері:

Өзі оқытатын  пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. 

    Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. Электронды журналдарды толтырады. 

    Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.

      Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

     Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысып, туындап жатқан мәселелерді шешуге ат салысады. 

       Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді, олардың ары қарай дамуына ықпал жасайды. 

       Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ерекшелігі бар   білім алушыларды (ПМПК анықтама қағаз, диагноз, үйден оқытылатын) сыныпта бар болған жағдайда,  ерекшелігін ескере отырып, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

        Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

        Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды және  орындайды. 

       Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді және сынып бөлмесінің тазалығына қойылатын  санитарлық нормаларды қатаң сақтайды, педагогикалық имидж бен этикет талаптарын орындауға міндетті.

       Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады. 

       Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды. 

       Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 

       Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады. 

       Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. 

      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыс жасайды.

 Педагогтың біліктілік санатына, еңбек өтіліне  сәйкес еңбекақы төленеді. 


3. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;

Білуге міндетті: 

       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын,  Қазақстан Республикасының БҒМ білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, "Педагог мәртебесі туралы" Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,  педагогика мен психологияны,  пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,  оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды білуге тиіс.

      Педагогтың педагогтық әдеп нормалары мен лауазымдық міндеттерін өз қызметінде орындауы:

          -білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;

           -Қазақстан Республикасы педагогының жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол берілмейді;

           -өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;

           -өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді,өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;

          -еңбек тәртібін бұлжытпай орындайды;

          -білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;

          -сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;

          -қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалауға жол берілмейді;

          -өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;

          -өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік  киім үлгісінде болады;

          -өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға, жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;

          -педагог әріптестерімен қарым-қатынас жасауда адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды.


4. Құжаттарды қабылдау мерзімі 5-12 тамыз аралығы 


5. Қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

       2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.



Мемлекеттік білім беру
 ұйымдарының бірінші 
 басшылары мен педагогтерін 
 лауазымға тағайындау,
 лауазымнан босату 
 қағидаларына
 10-қосымша


Нысан 


____________________________
 конкурс жариялаған мемлекеттік 
 орган

       _______________________________________________________________

       кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН 

       _______________________________________________________________

       (лауазымы, жұмыс орны) 

       _________________________________________________________________________________________________________________________________ 

      Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

       _______________________________________________________________

       білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл) 

       Қазіргі уақытта жұмыс істеймін 

       _______________________________________________________________

      лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы







      Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________ 

       Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________ 
        Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________ 
        Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда) 
       _________________________________________________________________________
 
 


Мемлекеттік білім беру
 ұйымдарының бірінші 
 басшылары мен педагогтерін 
 лауазымға тағайындау,
 лауазымнан босату 
 қағидаларына
 11-қосымша


Нысан

 Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________  (Т.Ә.А. (болған жағдайда))

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл саны

(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы диплом

Техникалық және кәсіптік = 1

Жоғары күндізгі = 5

жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2

жоғары білім туралы үздік диплом = 7

2.

Ғылыми / академиялық дәрежесі

Білімі туралы диплом

Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5

PHD-докторы = 10

Ғылым докторы = 10

Ғылым кандидаты = 10



Ұлттық біліктілік тестілеуі

Сертификат

"Педагог" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60-қа дейін = 0 балл

60-тан 70-ке дейін = 2 балл

70-тен 80-ге дейін = 5 балл

80-нен 90-ға дейін = 6 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40-қа дейін = 0 балл

40-тан 50-ге дейін = 1 балл

50-ден 60-қа дейін = 2 балл

60-тан 70-ке дейін = 3 балл

"Педагог-модератор" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін = 0 балл

60-тан 70 балға дейін = 3 балл

70-тен 80 балға дейін=6 балл

80-ден 90 балға дейін=7 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40-тан 50 балға дейін=2 балл

50-ден 60 балға дейін=3 балл

60-тан 70 балға дейін=4 балл

"Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін=0 балл

60-тан 70 балға дейін=4 балл

70-тен 80 балға дейін=7 балл

80-нен 90 балға дейін=8 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40-тан 50 балға дейін=3 балл

50-ден 60 балға дейін=4 балл

60-тан 70 балға дейін=5 балл

"Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін=0 балл

60-тан 70 балға дейін- 5 балл

70-тен 80 балға дейін=8 балл

80-нен 90 балға дейін=9 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40 - тан 50 балға дейін=4 балл

50-ден 60 балға дейін=5 балл

60-тан 70 балға дейін=6 балл

"Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл

3.

Біліктілігі/Санаты.

Куәлік, өзге де құжат

2 санат-1 балл

1 санат -2 балл

Жоғары санатты-3 балл

Педагог-модератор-3 балл

Педагог-сарапшы = 5 балл

Педагог- зерттеуші = 7 балл

Педагог-шебер = 10 балл

4.

Педагогикалық қызмет өтілі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

1 жылдан 3 жылға дейін = 1

3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5

5 жылдан 10 жылға дейін = 2

10 жылдан және одан артық = 3

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

әдіскер= 1 балл

директор орынбасары= 3 балл

директор = 5 балл

6.

Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін

Білім туралы дипломға қосымша

Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері

"өте жақсы" = 1 балл

"жақсы" = 0,5 балл

7.

Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)

 Хат 

Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл

Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл

Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл

8.

Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері

- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;

- мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;

- мемлекеттік награда

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл

ғылыми жобалар-1 балл

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл

"Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл

"Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл

медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10

9.

Әдістемелік қызмет

- авторлық жұмыстар және жарияланымдар

ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл

РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы

БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы

10

Қоғамдық-педагогикалық қызмет

- көшбасшылық

- көптілділікті жүзеге асыру

тәлімгер-0,5 балл

ӘБ жетекшілігі -1 балл

кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл

2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл

Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл

3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл

11

Курстық дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;

- цифрлық сауаттылық сертификаты,

ҚАЗТЕСТ,

 IELTS; 

 TOEFL; 

DELF;

Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту

НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары

– 0,5 балл

курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке)

Барлығы:

Максималды балл – 83







        6) Тұрақты бос лауазымға екі педагог маман қабылданады.



10- қосымшаны жүктеу 10-kosymsh.docx [14,55 Kb] (cкачиваний: 6)
Посмотреть онлайн файл: 10-kosymsh.docx

11- қосымшаны жүктеу  11-kosymsha.docx [19,51 Kb] (cкачиваний: 24)
Посмотреть онлайн файл: 11-kosymsha.docx

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив