Ашық орган - Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО https://35-oskemen.mektebi.kz/ ru Ашық орган - Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО DataLife Engine Қамқорлық кеңесін сайлау тәртібі №355 https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/344-amorly-keesn-sajlau-trtb-355.html https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/344-amorly-keesn-sajlau-trtb-355.html Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 болып тіркелді.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағынасәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 қарашадағы № 184 (1387) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) № 501 бұйрығы;

      2) "Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14751 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiсінде жарияланған) № 715 бұйрығы.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е.Ерсайынов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
 Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ А.Мырзахметов

      2017 ж. 23 шілде

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б.Сұлтанов

      2017 ж. 7 тамыз

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      ___________ А. Мұхамедиұлы

      2017 ж. 28 шілде


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2017 жылғы 27 шілдедегі
 № 355 бұйрығымен
 бекітілген

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны
 сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары
 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымындарында Қамқоршылық кеңесінің (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарына, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарына, сондай-ақ акционерлік қоғам нысанында құрылған мемлекеттік коммерциялық емес білім беру ұйымдарын қоспағанда білім беру ұйымдарында құрылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.

      4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі және құрамы

      5. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет қорында және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.

      Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бекітеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

      1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

      2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;

      3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

      4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

      5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

      Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.

      Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.

      8. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

      Тірек мектептерінде (ресурс орталығы) құрылған Қамқоршылық кеңес өкілеттігі оған бекітілген шағын жинақты мектептерге де таратылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.

      10. Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.

      Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.

      11. Қамқоршылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша оның қызметін Қамқоршылық кеңес құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.

      12. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және осы Қағидаларға сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.

      13. Қамқоршылық кеңестің хатшысы білім беру ұйымдары қызыметкерлері арасынан тағайындалады және ол Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайды.

      Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің дайындығын, өткізілуін, материалдар мен отырыс хаттамасының рәсімделуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 - тарау. Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі

14. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

      1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

      2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

      3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

      4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

      5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

      6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

      7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

      8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;

      9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

      10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

      11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

      Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.02.2018 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

4 - тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі

      15. Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.

      16. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне және Қамқоршылық кеңес қызмет ететін білім беру ұйымына жолданады.

      Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады.

      Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.

      17. Хабарламаны алған Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің Қамқоршылық кеңестің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын Қамқоршылық кеңес хатшысына хабарлайды.

      18. Қамқоршылық кеңестің төрағасы отырысты шақыру туралы ұсыныс түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық кеңестің отырысын шақырады.

      19. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің өкілдері оның отырыстарына дауыс беру құқығынсыз байқаушы ретінде қатысуға жіберіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне немесе адамға сенімхат бойынша беруге жол берілмейді.

      21. Білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа оны беру құқығынсыз ие.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.

      23. Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.

      24. Хаттама Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына жолданады.

      25. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет-ресурсында Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады.

      26. Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады.

      27. Білім беру ұйымының қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері:

      1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;

      2) басқа ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін – екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады.

      28. Қайырымдылық көмектерден түсетін түсімдер:

      1) білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге;

      2) беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;

      3) спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға;

      4) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға.

      29. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурсында, тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат береді.

5 - тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату

      30. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:

      1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша;

      2) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.

      31. Қамқоршылық кеңестің мүшесі:

      1) өз бастамасы бойынша;

      2) отырыстарда себепсіз қатарынан үш рет болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығарылады.


]]>
admin2020 Fri, 01 Sep 2023 11:19:59 +0600
ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖОСПАРЫ https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/343-amorly-keesn-zhospary.html https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/343-amorly-keesn-zhospary.html ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ  ЖОСПАРЫ
2023-2024 оқу жылы
Мақсаты: Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.  Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру арқылы мектептің материалдық техникалық базасын нығайтуға, көмек қажет ететін отбасылар жағдайын жасауға ат салысу. 
Өтілетін шаралар
МерзіміЖауапты
11.Қамқорлық кеңесі құрамын бекіту, міндеттерін белгілеу.
2. Қамқорлық кеңесінің 2023-2024 жаңа оқу жылына  жұмыс жоспарын талқылау, бекіту.
3. «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыруға көмектесу. Демеушілер тарту
4. Мектепішілік ата-аналар жиналысына, аналар кеңесі, әкелер кеңесі,  сынып жиналыстарына қатысу.
Қыркүйек
Қыркүйек
Жыл көлемінде
Қасенова Б.Қ.
(Кеңес төрайымы)
Кеңес мүшелері
2
  1. Әлеуметтік көмек қажет ететін отбасыларды анықтай отырып,  балаларын тегін тамақтандыру  жұмысына қолдау көрсету.
  2. Асхана жұмысын қадағалау
  3. Ата-аналарды педагогикалық, психологиялық қолдау орталығының жұмысына серіктестік көрсету.
  4.  Әртүрлі мәселелер
Қыркүйек
Жыл көлемінде 
 Қасенова Б.Қ.
(Кеңес төрайымы)
 Кеңес мүшелері
31.Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар мен көп балалы отбасыларды  мектеп формасы мен аяқ киімдермен қамтамасыз етуге көмектесу, демеушілер тарту
2.Күзгі демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі туралы ата-аналармен жұмыс 
ҚазанҚасенова Б.Қ.
Кеңес мүшелері
4
5.
  1.  Үйірме, секция  жұмыстарының тиімділігін арттыруға ықпал ету, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар мен көп балалы отбасылардың балаларының қамтылуын қадағалау  
  2. Мектепішілік жаңа жыл мерекесін , қар қалашығын жасау жұмыстарын ұйымдастыру
  3. Қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналармен жұмыс
 Қараша
  Үнемі 
Желтоқсан
Қасенова Б.Қ.
(Кеңес төрайымы)
 Тәрбие бөлімі
 Кеңес мүшелері
1. Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарына көмек көрсету, «Ата-анамның жұмысындағы бір күн» жобасын іске асыру
2. Ағымдағы мәселелер
 ҚаңтарҚасенова Б.Қ.
 Кеңес мүшелері
5.1. Мектептің материалдық жағдайын жақсарту мен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асыру 
2. «Қайырымдылық» акциясын ұйымдастыру
АқпанҚасенова Б.Қ.
 Кеңес мүшелері
6.1.Аналар мерекесі мен Наурыз мерекесін өткізуге ат салысу, демеушілер тарту
2. Көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналармен жұмыс
НаурызҚасенова Б.Қ.
 Кеңес мүшелері
7.1. Көктемгі тазалық жұмыстарын, сенбіліктер, мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыруға көмектесу
2. Ағымдағы мәселелер
СәуірҚасенова Б.Қ.
 Кеңес мүшелері
8. 1.Емтиханға дайындық , емтихан кезіндегі ата-ана тарапынан  балаларға қамқорлық көрсету, емтихандарға қатысу.
2.Оқушылардың жазғы демалысын  тиімді ұйымдастыруға ықпал ету, демалыс лагерьлеріне балалар жіберу.Акт жасау
МамырҚасенова Б.Қ.
(Кеңес төрайымы)
Кудырышева М.Т.
 Кеңес мүшелері
]]>
admin2020 Thu, 31 Aug 2023 11:18:11 +0600
Қамқорлық кеңес жиналысы Хаттама № 4 https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/241-amorly-kees-zhinalysy-hattama-4.html https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/241-amorly-kees-zhinalysy-hattama-4.html ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
 «№ 35 орта мектеп» КММ
Хаттама №4       
Күні: 13.01.2023 жыл
Қатысқаны: 11 кеңес мүшелері, 11мектеп әкімшілігі
Күн тәртібінде:
  1. Қазақстан Республикасындағы адамгершілiк және жыныстық тәрбие жөнiндегі тұжырымдамамен, зорлық –зомбылық, жыныстық тиіспеушіліктің алдын –алу 
  2. Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарына ат салысу, «Ата-анамның жұмысындағы бір күн» жобасын іске асыру
 Тыңдалды:
Алғашқы сөз кезегін кеңес төрайымы Балиса Қасенқызы алып , кеңес мүшелерін Қазақстан Республикасындағы адамгершілiк және жыныстық тәрбие жөнiндегі тұжырымдамамен, зорлық –зомбылық, жыныстық тиіспеушіліктің алдын –алу туралы заңымен таныстырып  өтті.
- Балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың адамгершілігiнiң берiк
негiзiн, өсiмтал және сексуалдық саулығын қалыптастыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкiметi 2002.07.19. N 808   қаулысымен адамгершілiк және жыныстық тәрбие жөнiндегі тұжырымдама қабылдаған болатын.  Қоғамның басым мiндеттерiнiң бiрi - балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың өмiрi мен оқуы үшiн салауатты да қауiпсiз жағдай жасау, санаткерлiк, рухани және дене күшiн дамытуды қамтамасыз ету, адамгершiлiктiң берiк негiзiн әрi салауатты өмiр салтын қалыптастыру болып табылады. 
       Қазiргi уақытта республикада балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың денсаулығына және адамгершiлiк мiнез-құлқына байланысты қолайсыз жағдай қалыптасты, олардың негiзгi себептерi мыналар: 
 жыныстық қарым-қатынас аясында адамгершiлiктiң аяққа басылуы; 
 денсаулықты сақтау мен нығайту жөнiндегi қажеттi бiлiмнiң болмауы;  үлкендердiң көмек көрсетуге қабiлетсiздiгi және әрбiр жасөспiрiмнің, жастың алдында туындаған сұрақтарға жауап бере алмауы; 
 жыныстық жолмен берiлетiн аурулар санының көбеюi; кәмелетке толмағандар жүктілiгiнiң өсуi, оның салдары-аборт немесе көбiнесе баладан безiну мен әлеуметтiк жетiмдiкке, әкелiп соқтыратын жастай ана болу; 
 кәмелетке толмағандардың жезөкшелiгiнiң өсуi. 
        Сол себепті  ең алдымен өскелең ұрпаққа адамгершiлiк-жыныстық тәрбие беру жөнiнде мектепте шұғыл шаралар қолдану олардың бойында жағымды-белсендi тұлғаны қалыптастыру, жасөспiрiмдерде болашақта берiк отбасылық қарым-қатынасқа бағытталған белсендi жеке ұстанымды орнықтыру, тәндiк және психикалық саулыққа ұмтылу қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жоспар негізінде іс шаралар өтуде,-деп тұжырымдамамен таныстырды. Келесі кезекте,  мектеп ұжымымен бірлесіп, зорлық –зомбылық, жыныстық тиіспеушіліктің алдын –алу бойынша атқарылатын шараларға тоқталып өтті. Тәрбие бөлімімен, психологтармен, сынып жетекшілермен  бірлесіп атқарылған жұмыстар туралы айтты.
    Екінші мәселе бойынша, кеңес мүшесі Бланова Шынар Қалиевна сөз алып, оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары туралы айтты. Сонымен қатар мектептің кәсіби бағдар беру бойынша педагог ұйымдастырушысы Жомартова З.Н. бірлесіп, қаладағы түрлі оқу орындарына саяхат жасалғанын айтты. Сонымен қатар, оқушылар арасында    «Ата-анамның жұмысындағы бір күн» жобасын іске асыруға ат салысуға шақырды. 
Шешім:
1.Отбасында зорлық –зомбылық, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу жұмыстары бірлесіп  жүргізілсін.
2. Оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету мақсатында ата-аналар жұмыстарына саяхат ұйымдастырылсын
Төрайым: Қасенова Б.Қ
Хатшы:  Кегалина Г.]]>
admin2020 Fri, 13 Jan 2023 11:30:42 +0600
Қамқорлық кеңес жиналысы Хаттама № 3 https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/240-amorly-kees-zhinalysy-hattama-3.html https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/240-amorly-kees-zhinalysy-hattama-3.html    ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің  
 «№ 35 орта мектеп» КММ
Қамқорлық кеңес  жиналысы 
Хаттама № 3
  Өткізілген күні: 26.11.2022
 Қатысқаны: 15 кеңес мүшелері, 11мектеп әкімшілігі
Күн тәртібінде:
  1. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру,үйірме, секцияларға білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларының қамтылуын қадағалау.
  2. Жаңа жыл мерекесін, қар қалашығын жасау жұмыстарын ұйымдастыру.
  3. Қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналармен жұмыс. 
Тыңдалды:
      Кеңес төрайымы Қасенова Б. Қ.  күн тәртібімен таныстырып өтіп, бірінші мәселе бойынша мектепте оқушының жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалғанын айтып өтті. Және мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытта мектепте қосымша білім алуларына болатынын, мектепте сабақтан тыс  үйірмелер, спорттық секциялар, «Дебат» клубы бар деді. «Өнер» мектебінің «Домбыра» және «Көркем сөз» үйірмелері де аптасына 4 реттен жұмыс жасайтынын айтты. Мектептің 788  оқушысы қаладағы  қосымша білім беру ұйымдарының секциялары мен үйірмелеріне қатысатынын хабарлады. Әсіресе, үйірме , секцияларға  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларының қамтылуы ерекше назарда екеніне тоқталды.
    Келесі кезекте қар қалашығын жасау жұмыстары бойынша айта кетіп, әр сынып паралельдерінің әкелері бір қар мүсінін жасасын деген ұсыныс бар екеніне   тоқталды. Ұсынысты кеңес мүшелері де қолдады. Бұл ұсыныс сыныптың ата-аналар жиналысында барлық ата-аналарға жеткізілетіні айтылды. 
Сонымен қатар, мектеп бойынша жаңа жыл мерекелерінің кестесі жасалғанын, оқушылар ұйымы мен ұстаздар мерекені ұйымдасқан түрде өткізетінін айтып, ата-аналар тарапынан кезекшілікке көмек қажеттігін айтты. 
  Үшінші мәселе бойынша, тәрбие ісі  меңгерушісі   Айнұр Тұрысбековна сөз алып, қыс кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау шараларына тоқталды. Жол,су, өрт, өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Аталған ережелер ата-аналар чаттарына жаднама ретінде таратылатынын ескертіп, кеңес мүшелеріне де қадағалауды тапсырды. Кеңес отырысы соңында төмендегідей шешім қабылданды. 
Шешім:
 1. Үйірме мен секция жұмыстарынының тиімділігін арттыруға жағдай жасау. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларының қамтылуын қадағалау.
2. Жаңа жыл мерекесін, қар қалашығын жасау жұмыстарын ұйымдастыруға көмектесу.
3. Қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналармен жұмыс жасау.
Мектеп директоры: Қасенова Б.Қ.
Хатшы:  Кегалина Г.]]>
admin2020 Fri, 25 Nov 2022 16:30:59 +0600
Қамқорлық кеңес жиналысы Хаттама № 2 https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/239-amorly-kees-zhinalysy-hattama-2.html https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/239-amorly-kees-zhinalysy-hattama-2.html      ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің  
 «№ 35 орта мектеп» КММ
Қамқорлық кеңес  жиналысы 
Хаттама № 2
Өткізілген күні: 15.10.2022 ж
Қатысқаны: 15 кеңес мүшелері, 11мектеп әкімшілігі
Күн тәртібінде:
  1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларына мектеп формасы мен аяқ киімдермен қамтамасыз етуге көмектесу, әлеуметтік, демеушілік  көмек  ұйымдастыру
  2. Күзгі демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі туралы 
Тыңдалды: 
Алғашқы сөз кезегін директордың әлеуметтік істер жөнінен орынбасары Кудрышева М.Т. алып, жиналыстың күн тәртібімен, мақсат, міндеттерімен таныстырып өтті.    Келесі кезекте,  сөзді кеңес төрайымы Касенова Б.К. алды. Алғашқы мәселе бойынша былай деді:
- Біздің мектеп ұжымы    жан-жақты дамыған, саналы, білімді  жас ұрпақты тәрбиелеуге аянбай ат салысуда.  Бірақ, ата-ана қолдауынсыз бұл жетістіктерге жету мүмкін емес. Сондықтан ата-аналар әрдайым ұстаздарға  қолдау көрсете  білуіміз керек.Осыған орай, Қамқорлық кеңесінің мүшелері мектеп ісіне әрдайым араласып, сынып сағаттарына,  сыныптан тыс шараларға, құқықбұзушылықтың алдын алу кеңестеріне, ұлдар, қыздар жиналысына қатысып отырады- дей келе,мектебімізден білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларына әрдайым қамқорлық , қолдау көрсету кеңес міндеті екенін айтты.Осыған орай, қыркүйек, қазан айларында «Қамқорлық» акциясы негізінде 5 балаға кеңсе тауарлары  сыйланғанын,( Демеушісі- жеке кәсіпкер Жексенбай Қызыр) 10 балаға мектеп ұжымы оқуға қажетті кеңсе тауарларын бергенін, үйде оқитын мүгедек балаға телефон сыйға тартылғанын (Демеуші Амренова Б.Т.) Қорыта айтқанда,16 балаға көмек көрсетілгенін хабарлады.  
 Сонымен қатар, күз айларындағы қауіпсіздік техникасымен таныстырып өтіп, әр сыныптың ата-аналарына осы ережелер жадынама ретінде таратылытынын, әсіресе күзгі демалыс кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталу керек екенін ескертті.
- Сөзімді қорытындылай келе, құрметті ата-аналар, сіз бен біз тәрбиелеп отырған оқушылар- мемлекетіміздің келешегі, сондықтан оларға  жан-жақты білім беріп, өмірге бейімдеу біздің басты мақсатымыз! Осы мақсатқа жету   үшін  мектеп ұжымымен бірлесе жұмыс атқаруымыз керек деді.
 Келесі кезекте мектептің түрлі ағымдағы мәселелері сөз болды. 
Шешім:
1.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларына әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыру.
2. Мұғалім-оқушы-ата-ана ынтымақтастығын нығайту арқылы    оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру 
3. Күзгі демалыс кезіндегі оқушы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысу.
Жиналыс төрайымы:Қасенова Б.Қ.
Хатшы: Кегалина Г.]]>
admin2020 Sat, 15 Oct 2022 13:00:52 +0600
«Қамқорлық» кеңесінің хаттамасы №1 https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/238-amorly-keesn-hattamasy-1.html https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/238-amorly-keesn-hattamasy-1.html ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің  
« № 35 орта мектеп» КММ
2022-2023 оқу жылы
«Қамқорлық»   кеңесінің  хаттамасы №1
Күні: 16.09.2022
Қатысқандар: 80  адам  
(кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті)
 Күн тәртібінде: 
1. Қамқорлық кеңесінің құрамын таныстыру
Кеңес төрайымы: Қасенова Б.Қ.
2.  Қамқорлық кеңесінің жаңа 2022-2023 оқу жылының жұмыс жоспарын талқылау,бекіту.
Кеңес төрайымы: Қасенова Б.Қ.
3. «Мектепке жол» акциясына қатысу
Кеңес мүшесі: Ескендирова А.А
4. Мектеп асханасы туралы және тегін тамаққа қойылған оқушылар жайлы
Кеңес мүшесі: Ескендирова А.А
Тыңдалды:
 Алғашқы сөз кезегін кеңес төрайымы Балиса Қасенқызы алып, былай деді:
 -Өткен 2021-2022 оқу жылы Қамқорлық кеңесі кеңес ережелеріне сай жұмыс жасап шықты.     ҚР білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Қамқорлық кеңесінің жұмысын және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібін ұйымдастыру бойынша Үлгілік қағидадалының 2 тарауының 5 және 6 тармақтары негізінде   мектепішілік тәуелсіз комиссияның  шешімімен, Қамқорлық кеңес құрамы болып, төмендегі ата-аналар бекітілді. Олар:
1.Каримова Шынар Ерлановна (2 «Ж» сынып ата-анасы)
2. Мұхышева Мақпал Мұхтарханқызы (3 «А» сынып ата-анасы)
3. Қыдырмолдина Венера Қасымбекқызы (4 «К» сынып ата-анасы)
4. Абишева Құндыз Бектемировна (5 «Д» сынып ата-анасы)
5. Алканова Айжан Ахметкалиевна (6 «Д» сынып ата-анасы)
6. Ескендирова Айман Ануарбековна (7 «Б» сынып ата-анасы)
7. Қасенова Балиса Қасенқызы (8 «Б» сынып ата-анасы)
8.Бланова Шынар Калиевна (9 «Б» сынып ата-анасы)
9. Еңсебаева Ақбота Садыровна (10 «В» сынып ата-анасы)
10. Букатаев Қайнар Көкенайұлы (11 «А» сынып ата-анасы)
11. Чыттыбаева Маржан Қабдешқызы (11 «Б» сынып ата-анасы)
 12.Мухамадиева Айнаш Қаблановна (Жергілікті өкілдік. «Спортты дамыту орталығы» КММ №4 филиалының директоры)
13.Тайболанова Роза Советхановна (Әлеуметтік серіктес, жеке кәсіпкер, мектеп асханасын жалдаушы)
14. Тусупова Гульнар Жамбыловна (Құқық қорғау органынан!
15. Айкенева Динара Токтаугажиевна (атқарушы органнан),- деді.
 Сонымен, 2022-2023 жаңа оқу жылында Қамқорлық кеңесінің құрамы таныстырылған соң, келесі кезекте кеңес төрайымы Балиса Қасенқызы жаңа оқу жылына жасалған Қамқорлық кеңесінің  жұмыс жоспарын таныстырып, талқылады. 
     Келесі сөз кезегін кеңес мүшесі Айман Ануарбековна алып, жиналысқа қатысушыларды тамыз, қыркүйек айларында өтіп жатқан  «Мектепке жол»  акциясы туралы айтып өтті. «Мектепке жол» акциясы негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарының балаларына демеушілер тартылып көмек көрсетілді. Демеушілер Аргынканов Т. Аргынканова Ш. Бақтыбаева С. Мамиева А. Көрпебаева М.Жомартова З. Қызыр Ж. 10 балаға сөмке, қажетті оқу құралдарын, киім, аяқ киім сатып әперді.Сонымен қатар, мешіттен 10 балаға, Ішкі істер бөлімінен 3 балаға, жергілікті басқару органынан 15 балаға  көмек көрсетілді,-дей келе,  мектептің асханасының жұмысымен таныстырды. Ас мәзірін, тамақтардың бағаларын айтты.    Апта сайын Қамқорлық кеңес мүшелері асхана мен бракираждық комиссияның жұмысын қадағалап отыратынын айтты. Асхана барлық санитарлық талаптарға сай жұмыс істеп тұрғанын, оқушылар мен ұстаздардың және ата-аналардың көңілінен шығатынын айтты. Сонымен қатар, мектеп бойынша жекелеген әлеуметтік топтардың 148 баласы мемлекет тарапынан тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отырғанын хабарлады. Құжаттары талапқа сай екенін айтты. Сонымен қатар, мектеп асханасының арендаторы Тайболанова Р.С. 11 оқушыны тегін тамақтандырып, қайырымдылық көмек көрсетуде деді. 1 оқушыны жеке кәсіпкер Иманбаев Е. өз қамқорлығына алып, тамақтандыруда. Алдағы уақытта да тегін тамаққа өтініш берген ата-аналардың өтініштері қаралып, тұрмыс жағдайлары тексеріліп, тегін тамаққа қойылатынын хабарлады.
 Жиналыс соңында төмендегідей шешім қабылданды.
 Шешім:
  1.  Жаңа оқу жылының  Қамқорлық кеңесінің жаңа құрамы бекітілсін.
  2.  Жаңа оқу жылына арналған жоспар  жыл көлемінде жүзеге асырылсын.
  3. Асхана жұмысы кеңес тарапынан қадағаланып отырсын.

Қамқорлық кеңесінің төрайымы: Б.Қ. Қасенова
Хатшы:Кегалина Г.]]>
admin2020 Fri, 16 Sep 2022 16:30:18 +0600
Заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрық https://35-oskemen.mektebi.kz/main/283-zasyz-asha-zhinaua-tyjym-salu-turaly-bjry.html https://35-oskemen.mektebi.kz/main/283-zasyz-asha-zhinaua-tyjym-salu-turaly-bjry.html


]]>
admin2020 Mon, 05 Sep 2022 12:58:36 +0600
Қамқорлшылық кеңестің құрамын бекіту туралы https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/467-amorlshyly-keest-ramyn-bektu-turaly.html https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/467-amorlshyly-keest-ramyn-bektu-turaly.html

]]>
admin2020 Mon, 28 Feb 2022 14:24:17 +0600
Қамқорлық кеңесінің мүшелері https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/217-amorly-keesn-msheler.html https://35-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/217-amorly-keesn-msheler.html ]]> Аты-жөні /ФИОЖұмыс орны/Место работыҚызметі/ДолжностьБайланыс тел./Контактные данныеСтатусКаримова Шынар Ерлановна                              ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі ОВ 156/20 мекемесіТәртіп бөлімі тексеру тобының мүшесі тел.877762862651 "Ж" сынып ата-анасыМұхышева Мақпал Мұхтарханқызы                                  «АО Усть-Каменогорск Тепловые сети"контролертел.87014485744 2 "А" сынып ата-анасыҚыдырмолдина Венера Қасымбекқызы
КГП на ПХВ ОЦПЗ психологтел.870576278003 «К» сынып ата-анасыАбишева Құндыз Бектемировна
үй шаруасында үй шаруасында тел.877177485864 «Д» сынып ата-анасыАлканова Айжан Ахметкалиевна     ИП «Алканова»Жеке кәсіпкертел.877523334075 "Д" сынып ата-анасы Ескендирова Айман Ануарбековна Теңге сарайыҚұнды металдар қоймасының меңгерушісітел.874717598356"Б" сынып ата-анасы Касенова Балиса Касенқызы                                               ИП "Касенова"Жеке кәсіпкертел.87772765329  7"Б" сынып ата-анасы Бланова Шынар Калиевна                           ШҚТУәдіскертел.87779772124 8 "Б" сынып ата-анасы Енсебаева Ақбота Садыровна                            ТОО Детский сад "Лада"Тәрбиешітел.87478363912 9 "В" сынып  ата-анасы Букатаев Қайнар Көкенайұлы                              зейнеткерЗейнеткертел.8705498654010 "А" сынып ата-анасыЧыттыбаева Маржан Қабдешқызы
ИП «Мукаева»Жеке кәсіпкертел.8747683207311 «В» сынып ата-анасы  Мухамадиева Айнаш Каблановна   КММ «Спортты дамыту орталығы»№4 филиал директоры тел.87770637206жергілікті өкілдіктенТайболанова Роза СоветхановнаИП "Тайболанова"Жеке кәсіпкертел.87771559210әлеуметтік серіктес,жұмыс беруші Тусупова Гульнар ЖамбыловнаШҚО полиция департаменті, Өскемен қалалық полиция бөліміЖасөспірімдер ісі бойынша аға инспектортел.87713026204құқық қорғау органынанАйкенева Динара ТоктаугажиевнаШҚО білім басқармасы Өскемен қалалық білім бөліміӘдіскертел.87052638491атқарушы органнан]]>
admin2020 Sat, 01 Jan 2022 08:03:00 +0600
Мектепке жол республикалық қайырылымдық акциясы https://35-oskemen.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/193-mektepke-zhol-respublikaly-ajyrylymdy-akcijasy.html https://35-oskemen.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/193-mektepke-zhol-respublikaly-ajyrylymdy-akcijasy.html «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы» ММ –нің  03.08.2021 жылғы № 05/4661 хатты негізінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында  жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ шаралар өткізілуде. Акция туралы ақпарат мектеп стендтерінде орналастырылып, әлеуетті демеушілер мен мүдделі құрылымдарды акцияға шақыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Эмиль» сауда маркасының ұйымының көмегімен 5  көпбалалы отбасының оқушыларына  кеңсе тауарлары мен портфель сыйланды. «Халық» банкінің демеуімен адрестік әлеуметтік көмек алатын  4 оқушы да осындай сыйлықпен қамтамасыз етілді. Мектебіміздің  қамқорлық кеңесінің ұйымдастыруымен демеуші Касенова Балиса Касенқызы  8 оқушыға портфель табыстады.

Жалпы мектеп бойынша әр сыныптың   әлеуметтік паспорты жасалып, көп балалы және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы оқушыларын анықтауда жұмыстар жүргізілуде. 2021 -2022 оқу жылы көлемінде басқа да әлеуетті демеушілер мен мүдделі құрылымдарды акцияға шақырып, қайырымдылық акциясын өткізілу жоспарланды.

]]>
admin2020 Mon, 06 Sep 2021 12:17:48 +0600