14
март
2024
"Ұлыстың ұлы күні" шарасын ұйымдастыруға көмектесу
14 наурыз- көрісу күні. Мектеп Парламенті мүшелері оқушылар мен ұстаздарды бүгінгі мерекемен құттықтады. Жақсы тілектер жолданып, ән мен күй орындалды. Школьникам көрісу дәстүрі туралы мағлұмат берілді. ⚜️Қазақ жерінде 14 наурыз күні "Амал" мерекесі тойланады. «Амал» мерекесі – адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі. Таң азанынан ағайын-туыс, жасы үлкен ақсақалдар, ақ жаулықты аналар, аға-жеңгелер, бауыр келіндерге жүздесіп, сәлемдесіп «Жаңа жасың құтты болсын», «Бір жасыңмен», «Жасыңа жас қосылсын», «Амал мерекесі құтты болсын» деп тілек айтады. Арадағы өкпе-ренішті, араздықты ұмытып, ағайын-туыстың амандығын тілейді. 



