02
сентябрь
2019
«Қазақстан Республикасы Конституциясы сабағы өткізілді...
Мектебімізде 2 қыркүйек күні 1-11 сыныптар аралығында «Қазақстан Республикасы Конституциясы сабағы» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтың басты мақсаты- Заңды мақсатты түрде зерделеу арқылы оқушылардың конститутциялық-құқықтық мәдениетін , Конституциялық патриотизмін қалыптастыру және арттыру болды. Сабақтар әдістемелік ұсыным хат негізінде түрлендіріліп өткізілді. Сабақ барысында мемлекеттік рәміздер, билік органдары, адам құқықтары мен міндеттері, ҚР Президенті, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес, жергілікті мемлекеттік басқару туралы сөз болды. Слайдтар, бейнефильмдер пайдаланылды. Пікірталасқа негізделген сұрақтар қойылды. Нәтижесінде оқушылардың ел Конституциясы жөнінде түсініктері кеңейіп, өз құқықтары туралы білімдері артты.
![]() | ![]() | ![]() | ![]() |