Өнерге талантта ,талғамда қажет
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойыншабілім бөлімінің
«№ 35 орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
«Өнерге талантта,талғамда қажет» атты
Сәбит Оразбаевтың шығармашылығына арналған
Қонақ бөлме
Орындаушылар: Есимханова Б.Т.-кітапхана меңгерушісі
Нәліхан Г.Д.- кітапханашы
Қатысушылар: 6-7-8 сынып оқушылары
2020-2021 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Өнерге талантта ,талғамда қажет»
Сабақтың мақсаты: Сәбит Оразбаевтың шығармашылығымен таныстыру,өнер жолын оқушыларға насихаттау
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн,ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
1-жүргізуші: Бүгінгі «Өнерге талантта,талғамда қажет» атты СәбитОразбаевтың шығармашылығына арналған қонақ бөлмеге
қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:-Бүгінгі кештің тақырыбыда ерекше, барысы да ерекше, себебі бүгінгі кешіміз театр саласына талай жыл қызмет еткен актер Сәбит Оразбаевқа арналады.
1-жүргізуші:
Атақты ғұлама Әль- Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқың шықсын десеңіз
Көпшіліктің адамы болыңыз.
2-жүргізуші:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан,
-деп, Абай атамыз айтқандай өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болған ағамыздың өмір жолы бәрімізге өнеге.
Құрманғазының күйі «Балбырауын»! орындалады
Өмір жолдарымен таныстыру слайд.
Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев (29.1.1936 ж.туған, Сайрам ауданы қазіргі Бәйдібек ауылы ) – актер, Қазақ КСР-інің халық артисі (1976), 1959 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік консерваториясы) актерлік факултетін (профессоры Тоқпановтың жетекшілігімен) бітірді. Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, «Еңбек Қызыл Ту», «Парасат», «Отан» ордендерінің, «Мәдениет үздігі» төсбелгісінің
Алғашында негізінен комедия жанрында, Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті», Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» спектакльдерінде жарқырады. Осы сахнадағы жарты ғасырдан аса шығармашылық өмірінде қазақ және әлем классикасы, қазіргі заман драматургиясынан жүзге тарта сахналық кейіпкер сомдады. Көрнекті актердің тәуелсіз Қазақстанның сахна өнерін дамытудағы еңбегі үлкен.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Сәбит Оразбаевтың Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50 жылдан аса жұмыс істегенін, осы уақыт ішінде 100-ден аса рөлді сомдағанын атап өтті.
Санасы сергек, жадысы зерек тұлғаның театр тарихы, әріптестері, әлеуметтік ортасы мен қоғамы туралы «Алматы ақшамында» жарияланған мәнді де қызғылықты әңгімелері «Өмірдің өзі – театр», «Тазарғың келсе, театрға бар» атты екі том болып жарық көруі де – руханиятымыздың олжасы.
Сан қырлы таланттың ендігі бір парасы – фотоөнері. Көрнекті актер жарты ғасырға жуық уақыт бойы түсірген суреттері және бейнетаспалары бүгінде ұлттық өнердің құнды тарихына айналды
Мемлекет басшысы халық әртісінің қазақ театрының дамуына куә болып, Қапан Бадыров, Серәлі Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев сынды сахна саңлақтарымен бірге өнер көрсеткеніне назар аударды.Кездесу барысында Қазақстан Президенті отандық театр өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі, бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі үшін Сәбит Оразбаевты І дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.
2-жүргізуші:
Сәбит Оразбаевтың бүгіні – ұлттық құнары, пәлсапасы мықты қазақ өнерінің жан-жақты биік шыңын және жарасымды жалғастығын танытады., алғашқы сахналық үлкен тәжірибеден өткізген күрделі ролі З.Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» әнші-композитор Жаяу Мұса болды. Талантты жас М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясындағы Дулат, Ш.Құсайыновтың «Алдар Көсе» комедиясындағы Алдар Көсе сынды кейіпкерлерімен драмалық сипаты мол әншілік өнеріне де тәнті етті.
1-жүргізуші:
Келесі кезекте сол «Алдар Көсе» комедиясындағы Алдар Көсенің біздің оқушыларымыздың сомдауында тамашаласаңыздар.
1-жүргізуші:
Халықтық өнер бастауынан қанып ішкен өнерпаз, әнші, сазгердің әндері де халық арасына кең тараған. Және бұл өнері М.Әуезовтің «Абай» трагедиясындағы Мағауия, З.Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» Мұса, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Майсалбек рөлдерінде анық көрінді.Театр атты қасиетті сахнаның абызына айналған ағамызбен жүздесіп, өнердің бүгінгі жағдайы хақында ой өрбітудің сәті түсті.
2-жүргізуші:
Олай болса кезекті оқушыларымыздың орындауындағы өлең жолдарына берсек.
1-жүргізуші:
Сәбит атамыз сан қырлы талантымен, ұлттық болмыс-парасатымен халық сүйіспеншілігіне бөленген тұлға. «Бала кезінен жыр-дастандар тыңдап өскен» топырағы құнарлы, өнері нұрлы жырау, сазгер, әншінің «домбыраны саусақпен емес, көңілмен сөйлететін» кісі екен. Олай болса тағы да әсем ән тыңдаудың кезегі келіп тұрған сияқты.
2-жүргізуші:
Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындары кемде кем.
Мұқағалидың сөзіне жазылған орындауындағы әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишіміз
Көрінген көштің басынан.
2-жүргізуші:
Қазақ биі
1-жүргізуші:
Тағы да әсем ән тыңдаудың кезегі келіп тұрған сияқты. Олай болса әсем әнге кезек берсек
2-жүргізуші:
Меруерттің орындауындағы әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Әбунасыр әл-Фараби
«Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, көру біздің мақсатымыз болып табылады » деген.
1-жүргізуші:
Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін
Ақыл,сана білім мен-өнеріме сенемін.
Арым таза- ақ көңіл-адалдыққа сенемін,
Абыройлы ақ ниет- адамдыққа сенемін- дегендей қандай маман иесі болсақ та ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық!
1-жүргізуші:
Олай болса, осы ұстанымды есте ұстап, алға жақсы мақсат қойып, таңдаған мамандықтарының иесі болады деген сеніммен кешімізді жабық деп жариялаймыз.