Кітапхананың жұмыс жоспары
1.Кітапхана қызметін мектеп тақырыбы бойынша және заман талабына сай құрастыру және дамыту.
2.Оқу-тәрбие процесіне көмек ретінде ақпараттық білім негіздерін үйрету арқылы оқушыларға кітапханалық-библиографиялық қызмет ету.
3.Мұғалімдерді толық әдістемелік материалдармен және қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету.
4.Оқушылардың бастауыш буыннан бастап мәдениеті мен кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
5.Кітапханалық жаңа заманауи технологияларын пайдалану, дамыту.
6.Кітапханада оқырмандарға тартымды ортаны ұйымдастыру.
Қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Оқушыларды кітап оқуға тарту.
1.Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған жол картасының жобасы бойынша жұмыс жасау
2.Сынып жетекшілермен,мұғалімдермен және басқа қала кітапханаларымен тығыз байланыста жұмыс істеу.
3.Жаңадан келіп оқып жүрген оқушылар мен жұмыс істеп жүрген мұғалімдерді кітапханаға тарту.
4.Жаңа оқу жылына 9-шы,10-шы, 11-ші сынып оқушыларын қайта тіркеу.
5.1-ші сынып оқушыларына кітапханамен таныстыру мақсатымен экскурсия ұйымдастыру. «Әліппемен танысу» және «Әліппемен қоштасу» мерекесіне мұғалімдерге көмек көрсету.
6.Әр сыныпта кітапханашыларды сайлау, үздік оқырмандарды шақырып,ОҚЫРМАН КЛУБЫН ашу.
7.Оқырмандардың қандай да бір қызығатын нәрсені тауып, анықтап, жұмысты жалғастыру.Қызығушылықтарын дағдыландыру.
8.Оқулықтардың тазалығын тексеру.
9.Әр сыныптың жыл соңында кітапханаға келіп кітап оқыған талдауын жасау, сызба құрастыру. (рейтинг)
Кітаптың жарнамасы.
2020-2025 жылдарға арналған мектептің тәжірибелік-эксперименттік жұмысы бойынша ізденіс тақырыбы:
Әлемдегі күрделі өзгерістерді түсіну және сараптау негізінде өзінің іс-әрекетінде қолдануға және білімдегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттау
Ж ұмыс бағыты | түрі | Оқырман тобы | Өткізетін уақыты | жауаптылар |
Қазақстанның этномәденилігі мен патриоттығын қалыптастыру | ||||
1.ҚР Тәуелсіздігіне | Кітап көрмесі ақпараттық сағат | 1-11 сыныптар | желтоқсан | Кітапхана |
2.ҚР Конституциясы күніне | Онлайн әңгіме | 7-9 сыныптар | қыркүйек | Кітапхана |
3. « Туған тілім- тірлігімнің айғағы» | Ауызша журнал | 5-6 сыныптар | қыркүйек | Кітапхана |
4. «Тіл-елімнің тірегі» | Шолу,онлайн көрме | 5-11 сынып | қыркүйек | ктіапхана |
4. «Мемлекеттік Рәміздер-ел мақтанышы» | шолу | 1-11 сыныптар | қазан | Кітапхана |
5. «Ұстазы мықтының –ұстамы мықты» | Онлайн көрме; Информациятық сағат | 8-9-10 сыныптар | қазан | Кітапхана |
6.Мәңгілік ел- біздің ұлы және лайықты Қазақстан! | Кітап көрмесі | 1-11 сыныптар | Жыл көлемінде | Кітапхана |
7.Салт-дәстүр – асыл қазынам | Электронды кітап көрмесі ,ойын | 1-11 сынып | Жыл көлемінде | Кітапхана |
Адамгершілік-құқықтық тәрбие | ||||
1.Негізгі Заң-Еліміздің Заңы(Конституция) | Шолу | 5-6-7 сыныптар | тамыз | Кітапхана |
2. Қарттар күніне байланысты «Қарттарым-асыл қазынам» | Информациятық сағат | 3-4 сыныптар | қазан | Кітапхана |
3. «Мен – адаммын» (Адам құқықтары күні-10 желтоқсан) | Онлайн сайыс | 5-6 сыныптар | қараша | Кітапхана |
4. «Балалық шағымның аспаны»-Дүниежүзілік бала күні (ЮНЕСКО)-1 қазан | Онлайн пікірталас | 1-2-3-4 сыныптар | қазан | Кітапхана Оқырман клубы |
Экологиялық тәрбие. Салауатты өмір салты. | ||||
1. Пандемия кезінде денсаулықты сақтау | Онлайн пікір-сайыс, | 7-11 сыныптар | қараша | Кітапхана, Медбике, дене шынықтыру мұғалім |
2. «Гүлденген аула» | Кітап көрмесі,сауалнама | 1-11 сынып | Жыл көлемінде | Кітапхана,Биология пән мұғалімі, Оқырман клубы |
3. Экологиялық ахуал- біздің облысымыз бойынша | Пікір-талас | 6-7 сынып | ақпан | Кітапхана |
Еңбек тәрбиесі мен мамандық таңдау | ||||
1.Тәрбиенің ең тамаша мектебі—отбасы (халықаралық отбасы күні-15 мамыр) | шолу | 5-7 сынып | мамыр | Кітапхана, ата-аналар, орталық кітапхана |
2.Бүгінгі мектеп түлегі- ертеңгі елдің тірегі | Онлайн көрме | 9-11 сыныптар | мамыр | Кітапхана |
Мектеп шараларына көмек | ||||
1.«Ұстазым менің,ұстазым» | Онлайн көрме | 4-5 сынып | қазан | Кітапхана |
2.Кітап патшалығына саяхат | ертеңгілік | 1 сыныптар | қаңтар | Кітапхана Оқырман клубы |
3.Балалар кітабы мерекесі-Ұмытылып кеткен кітапты қайта жаңғырту | Театрландырылған ертенгілік | 3 сынып 6 сынып | сәуір | Кітапхана Әдебиет пән мұғалімдер |
4.пәндер бойынша апталықтарға қатысу | Шолу, плакат,түрлі іс-шаралар мен кітап көрмесін дайындау | 1-11 сынып | Жыл көлемінде | Кітапхана |
5.Айтулы күндерге (жазушы мен ақындардың)әдеби шығармаларын насихаттау | көрме | 5-6-7 сынып | Жыл көлемінде | Кітапхана |
1.Әбу Насыр әл-Фарабиға 1150 жыл 2.Ы.Алтынсариге 180 жыл 3. «Қазтуған жырауға -600 жыл» 4. «Дина Нұрпейісоваға -160 жыл» 5«Әлихан Бөкейхановқа 155 жыл» кітапханалық оқу 6. «Ж. Баласағұнға -1000 жыл» | Информациятық сағат Шығармашылығы-на шолу Онлайн көрме Ақпарттық сағат Кітапханалық оқу Онлайн оқу | 5-8 сынып 9-11 сынып 9-11 сынып 8-9 сынып 7-8 сынып 5-6сынып | Жыл көлемінде | Кітапхана Кітапхана Кітапхана Кітапхана Кітапхана Кітапхана |
Эстетикалық тәрбие | ||||
1. «Аналарға мың алғыс» сурет көрмесі | көрме | 7-8 сынып | наурыз | Кітапхана, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдер |
2. «Күз- береке,күз мереке » | Онлайн көрме | 4-5-6 сынып | Қазан-қараша | Кітапхана, технология пәні мұғалімі, бейнелеу өнері пәні мұғалімі |
3.Музыкалық қонақ бөлмесі | Айналым(цикл) Музыкалық аспаптар туралы,әнші,композитор,сазгер туралы іс-шаралар | 4-5-6 сынып | Жыл көлемінде | Кітапхана, музыка пән мұғалімі |
Туған өлкем- тұңған шежіре | ||||
1.Туған өлкем-Шығыс Қазақстан | Кітап көрмесі | 1-11 сынып | Жыл көлемінде | Кітапахана |
2. Тарбағатай ауданының тумасы, ақын Әділғазы Жақсылықұлы Қайырбековтың туғанына 65 жыл (1955) | Кітап көрмесі, шолу | 7-9 сыныптар | 10 қаңтар | Кітапхана, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері |
3. Абай ауданының тумасы,халық ақыны, фольклоршы, композитор Шәкір Әбеновтің туғанына 120 жыл (1900-1994) | Кітап сөресі,әңгіме | 7-9 сынып | 1 наурыз | Кітапхана |
4. Ұлан ауданының тумасы, журналист, аудармашы, жазушы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Ғаббас Қабышевтың туғанына 85 жыл (1935) | Шолу және кітап көрмесі | 8-11 сыныптар | 9 сәуір | Кітапхана |
5. Абай ауданының тумасы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, жазушы Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғаны-на 125 жыл (1895-1983) | Онлайн сайыс | 4-5-6 сыныптар | 24 қараша | Кітапхана, қазақ әдебиеті пән мұғалімі |
6. Зайсан ауданының тумасы, ақын Тоқтарбек Қызықбаевтың туғанына 80 жыл (1940- 2005) | Шығармашылығына шолу | 7-8 сыныптар | 2 желтоқсан | Кітапхана |
7. Ұлан ауданының тумасы Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл (1920-1942) 20 | әңгіме | 7-8-9сыныптар | Жыл көлемінде | Кітапхана |
Кітап қорымен жұмыс
1.Жаңадан келіп түскен оқулықтарды тіркеу.
2.Оқу бағдарламасы өзгеру себебінен жылдары ескірген оқулықтарды тіркеуден шығару.
3.Жаңа оқу жылына оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету.
4.Кітап қорын мектеп бағдарламасына сәйкес, әсіресе классикалық әдеби кітаптармен толықтыру мақсатында акциялар өткізу.
Сыныптарда «Оқулықты сақта» атты рейд жүргізу.
4.2020 жылға мерзімді басылымдарға жазылу.
5.Кітаптарды кітапханалық жүйе бойынша сөрелерге қойып шығу.
6. Мектеп есепшімен құжаттар бойынша кітаптарды түгендеу.
7.Кітапханадағы құжаттарды үнемі толтырып жүру: кітап қорының есептеу кітабы, оқулық тіркеу картотекасы, оқулықтар тіркеу журналы, күнделік және басқа.
Информациятық және анықтамалық-библиографиялық жұмыс.
1.Бекітілген бағдарлама бойынша жыл көлемінде ақпараттық білім негіздерінен сағаттар жүргізу(кітапханалық сабақ).
2.Кітапханалық-библиографиялық білім бойынша мектептер аралығында өтетін іс-шараларға оқушыларды дайындау.
3.Уақытында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерді келіп түскен жаңа оқулықтар және әдістемелік материалдар туралы ақпараттандыру.
4.Тақырып пен бағыттар бойынша библиографиялық әдебиет тізімдерді жасау.
5.Бүктеме.Альбом.Проспект.Жарнама парақтар жасау.
Мұғалім ұжымымен жұмыс
Басылымдарға жазылуын қадағалау; әдеби кітап оқуға тарту.
Оқырман клубымен жұмыс
Айына екі рет отырыс өткізу.Үздік оқырмандарды анықтау,марапаттау.
Ата-анамен жұмыс
Ата-аналармен байланыс жасау арқылы оқушыларды кітап оқуға және кітапханаға тарту.
Мамандық дәрежені жоғарлату.
1.Семинарларға бару, әдістемелік кеңестер мен мектепішілік іс-шараларға
қатысу, педагогикалық кеңестерге қатысу, кітапханашылардың білімін
көтеру - оқу курстардан өту.
2.Мерзімді басылымдардан жаңа кітапхана әдістемелік нұсқаулармен
танысып отыру
3.Басқа кітапханалардың тәжірибесінен үздік әдістерін қолдану (жұмысқа
енгізу).