«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасына 300 жыл толуына орай 10-11 сынып оқушылары арасында әдеби -музыкалық кеш өткізілді » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасына 300 жыл толуына орай 10-11 сынып оқушылары арасында әдеби -музыкалық кеш өткізілді
31
март
2023

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасына 300 жыл толуына орай 10-11 сынып оқушылары арасында әдеби -музыкалық кеш өткізілді

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 31 наурыз күні «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасына 300 жыл толуына орай 10-11 сынып оқушылары арасында әдеби -музыкалық кеш өткізілді. 
Ұйымдастырылған шараның мақсаты – оқушыларды 1723-1727 жылдардағы Қазақстан тарихының ауыр да қасіретті кезеңдерінің бірі болып табылатын “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасының тарихымен таныстыру, оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру және қазақ халқының өткен тарихына құрмет көрсету.
Кешті 10 - сынып оқушылары дәл сол жылдары қазақтар қайғысының символы ретінде дүниеге  келген     «Елім-ай» жоқтау әнін оркестрдің сүйемелдеуімен ашты. 
9 - «Б» сынып оқушысы Мұхтаров Әділет Шәкәрім Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыр» жырынан “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасы жайлы үзінді оқыды. 
10 - сынып оқушылары Жоңғарлардың  Қазақстанға тұтқиылдан жасаған  күшті соққысы, бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуы, қыста әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырауы жайлы театрландырылған көрініс қойды. Келесі көріністе оқушылары барлық қазақ жан-жаққа тарап, кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өткенін , сөйтіп бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы деген атауға ие болғанын, барынша әрбір кейіпкерді нақышына келтіріп сомдап шықты.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив