Бір жыл көлемінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің орындалуы бойынша есеп беруге дайындық » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 35" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 26-99-71
Есепші бөлімі:
+7(7232) 57-86-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
декабрь
2023

Бір жыл көлемінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің орындалуы бойынша есеп беруге дайындық

01.01.2023-31.12.2023 жыл аралығында  мектепте 564 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: Мектеп кеңсесі арқылы қағаз түрінде көрсетілетін қызмет саны 367, - «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде 191, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы  6 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Әрбір ай бойынша мемлекеттік қызмет саны төменде көрсетілген.
Мектепте мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпараттандыру жыл көлемінде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы шеңберінде және  әлеуметтік желі, мектеп сайтындағы хабарламалар, ақпараттар арқылы жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпарат мектептің ресми сайтында орналастырылған.
Халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпараттандыру мақсатында мектеп ғимаратында көрнекі ақпарат (ережелер, көрсетілетін қызметтердің атауы, жұмыс кестесі) бар стендтер орналастырылған және ақпарат мектеп сайтында жарияланған.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мектепте пандус жабдықталып, шақыру түймесі орнатылған. 
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ 2023 жыл 31 тамыз, №165-Ө бұйрығында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетудегі жауапты тұлғалар курстан өтіп, сертификатталған.
Есептік  кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу немесе мемлекеттік қызмет көрсететін басшының немесе қызметкерлердің әрекеттеріне шағымдар түскен жоқ.